Белгілі халық әртісі Андрей Мягков қайтыс болды
МӘСКЕУ. 18 ақпан. Кеңес және орыс актері Андрей Мягков 82 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Чехов атындағы МХАТ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Театр мен кино актері, РСФСР-дың халық әртісі Андрей Васильевич Мягков 1938 жылы 8 шілдеде Ленинградта туған. Ол алдымен химия-технология институтын бітіреді. Бір жолы оны әуесқойлар спектаклінде ойнап жүрген жерінен МХАТ мектеп-студиясының оқытушысы көріп қалады. Осылайша актерлік жолға бет бұрады. 1965 жылы аталмыш оқу орнын бітіргеннен кейін «Современник» театрына орналасады. Ал 1977 жылы МХАТ-қа ауысады.
Актерді қалың көрерменге режиссер Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром!», «Служебный роман» және «Жестокий романс» картиналары жақсы танымал етті.
Актер жүрекке ауа жетіспеушілігінен қайтыс болды.