Елорда көшелерінің сапасы толық тексерістен өткізілді
НҰР-СҰЛТАН. 17 ақпан. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Нұржан Темірхановпен «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында кездесті. Бұл туралы сала департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Кездесу барысында Нұржан Темірханов филиалдың 2020 жылғы қорытындысы және алдағы жоспарлар туралы ақпаратты ұсынды.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен жылы жалпы – 180 көше құрылысы жоспарда болған (орташа жөндеу бойынша – 150, қайта жөндеу және салу бойынша – 30 көше).
2020 жыл қорытындысы бойынша бөлінген 40 млн.тг.-ге – 63 көшесіне (35%) ғана тексеріс жүргізілді (орташа жөндеу бойынша – 34, қайта жөндеу және жол құрылысын салу бойынша – 8 көше, жол белгілері мен жол таңбаларын- 21 көше).
Нұр-Сұлтан қаласының 63 көшесінде жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстары мен қолданылып жатқан материалдар сапасын тексеру барысында нормалық талаптарға сәйкес келмейтін 67 сынама үлгісі аңықталды. Оның ішінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында 15 нысан бойынша 17 бірлескен жолға шығу жүзеге асырылды. Нәтижесінде 58 сынама үлгісі алынап, оның 36 сынама үлгісі нормаларға сай емес екендігі мен 16 технологиялық ақау анықталды.
Табылған ақауларды жою мақсатында қайта салынған жамылғы қабаты – 6 236 шаршы метрді құрады. Қайта салынған негіз қабаты 3600 шаршы метр аумақты алады.