«Титаникке» еліктеген қыз бен жігіт суға ағып кетті
НЬЮ-ДЕЛИ. 12 қараша. Үндістанда үйлену тойы алдында саяхатқа аттанған екі жас жұбы Кавери өзеніне батып кетті. Бұл туралы Life.ru хабарлады.
Екі ғашық өзенде серуендеп жүріп, атақты «Титаник» фильміндегі сахналық көріністерді қайталамақшы болған кездерінде суға кетіп, қаза тауыпты.
Полицияның мәліметі бойынша, инцидент Карнатака штатындағы Талакаду қаласының маңында орын алыпты. Күйеу жігіт пен қалыңдық өздерінің отбасыларымен және фотографпен бірге екі балықшылар қайығына отырып, суретке түсу үшін өзеннің басталар тұсына қарай жүзеді. Алдыңғы қайықтағы екі жас бір кезде, «Титаникте» көргендерін істемекші болады. Сөйтіп, қалыңдық қайықтың алдыңғы сүйір басына келіп, фильмдегі актриса Кейт Уинслет тәрізді екі қолын екі жағына жайып тұрады. Ал күйеу жігіт оны актер Леонардо Ди Каприо сияқтанып арт жағынан келіп құшақтайды.
Алайда, сол кезде жаңбырдан кейінгі судың қатты тасқыны 28-дегі жігіт пен 20-дағы қыз тұрған қайыққа ұрып құйылып, оны қапелімде аударып тастайды. Сол бойда ол екеуі бірдей суға кетіп қалады, тек қайықты айдаушы ғана аман шығады.
Жастардың неке қиятын шақтары 22 қарашаға белгіленген екен.