«Қайрат» мерзімінен бұрын чемпион атанды
АЛМАТЫ. 3 қараша. Алматының «Қайраты» бүгін 17-турда Шымкенттің «Ордабасысын» 3:1 есебімен ұтып, футболдан біріншілік аяқталмай жатып Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы Todey.kz хабарлады.
Алматылықтар чемпиондыққа 16 жылдан кейін ғана қайта ұол жеткізіп отыр. Ол соңғы рет 2004 жылы еліміздің чемпионатында алтын медаль алған еді.
Ойында қайраттықтар сапынан Вагнер Лав (36), Нұралы Әліп (39, пенальти) гол салды. Бір допты шымкенттіктерден Ұлар Жақсыбаев (80) өз қақпасына түсіріп алды. «Ордабасы» сапынан Жоало Пауло (77) жауап доп соқты.
Матчқа оралдық арбитр Денис Тевяшов төрешілік етті.
Осылай чемпионат аяқталуға 5 тур қалғанда, «Қайрат» басқа командалар қуып жете алмайтындай қашықтыққа жетіп, чемпион атанды. Алматылықтар чемпионат аяқталғанға дейін тағы 3 матч өткізеді.
Осы күні Қостанайдың «Тобылы» Қызылорданың «Қайсарын» 3:0 етіп күйретті. Қостанайлықтар осының алдындағы турда «Ордабасыны» да тап осындай есеппен тізе бүктірген еді.
Турнир кестесі
(3 қарашадағы мәлімет) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|