Измирдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51-ге жетті
АНКАРА. 1 қараша. Түркияның Измир қаласында бұдан екі күн бұрын орын алған зілзала салдарынан қаза тапқан адамдар 51-ге жетті. Бұл туралы «НТВ» хабарлады.
Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі орталығы бүгін екі тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде Измирдегі жерасты сілкінісінен кейін 49 адамның жантәсілім еткенін мағлұм еттті. Қаза тапқандардың 44-і Измирдің өзіндегі құлаған үйлердің астында қалған.
Көп ұзамай Түркия вице-президенті Фуат Октай қаза болғандар қатарына тағы екі адам қосылып, 51-ге барғанын баяндады. «Қирандыларды ашып, олардың астын қарау қазір сегіз үйдің аумағында жүріп жатыр», – деді ол.
Жарақат алғандардың саны 896 адам екені белгілі болды. Қазіргі сәтте зардап шеккен 2014 адам ауруханаларда жатыр.
Еске сала кетейік, жер сілкінісі 30 қазан күн түс ауа Измирдегі Байраклы және Борнова аудандарында басталған. Оның тербелісі 7,0 балды құраған, ал ошағы теңіз астындағы 10 шақырым тереңде жатқан.
Соққының күшті болғаны сондай, оның дүмпуі гректің Сомос аралына да жетіп, екі адам қаза тапқан. Осыдан кейін тағы 812 рет майда тербелістер болған.