Еуропа одағы Гәнжаның ракетамен атқылануын айыптады
БРЮССЕЛЬ. 18 қазан. Еуропа одағы бейбіт Гәнжаның ракетамен атқылануына байланысты мәлімдеме жасап, онда Арменияның әрекетін айыптады. Бұл туралы АПА агенттігі хабарлады.
Агенттік хабарлағандай, ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндені Жоғары өкілінің өкілі, ЕО-ның еуропалық сыртқы іс-әрекеттер баспасөз хатшысы Петер Стано тиісті мәліметті таратқан.
«Еуропа одағы қазанның 16-сынан 17-іне қараған түні әзербайжанның Гәнжа қаласының соққыға алынуына байланысты азаматтық тұрғындардың қаза табуы мен адамдардың ауыр жарақаттарға душар болуларына байланысты өкініш білдіреміз. Тараптар азаматтық тұрғындар мен азаматтық нысандарды атқылауларын тоқтатулары тиіс. 10 қазанда қол жеткен келісім жедел сақталуы тиіс», – делінген хабарламада.
Атап өтуіміз керек, армян армиясы гуманитарлық келісім режимін қайта-қайта дөрекілікпен бұза отырып, 17 қазан күні түнде сағат 01:00 шамасында Әзербайжанның ұрыс қимылдары аумағынан қашықта жатқан, көлемі мен маңызы жағынан екінші қаласы – Гәнжаны ракетамен соққылады. Қазірге дейін ондағы қиранды үйінді астынан 13 адамның өлі денесі мен 52 жараланған тұрғын алып шығарылды. Қаза тапқандар арасында 3 бала бар.