25 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қырғызстанның экс-президенті 11,2 жылға сотталды

23 Маусым 2020 16:12
- Жаңалықтар, Жаһан
Қырғызстанның экс-президенті 11,2 жылға сотталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 23 маусым. Первомайский аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жыл, 2 айға соттап, дүние-мүлкін тәркілеу жөнінде үкім шығарды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Атамбаевқа үкім «Қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі» бойынша жарияланды.

Прокурорлар 16 маусымдағы сот отырысында Атамбаевты 15 жылға соттауды сұрады.

Сот отырысы жабық режимде өтті.

Үкімге сай, Атамбаев «Данакер», екінші дәрежелі «Манас», «Данқ» ордендерінен, президентке берілетін сағаттан айырылады. Сот Атамбаевтың өзінің және жақындарының мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Тәркіленуі тиіс мүліктердің арасында 5 көлік, Шу мен Ыстықкөл облысындағы үйлер мен жер учаскелері – барлығы 10 нысан бар.

Атамбаевтың меншігіндегі «Медиа Форум», «Форум», «Автомаш-Энерго», «Апрель ТВ» компаниялары да тәркіленеді.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, айыпталушының апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

Қырғызстанның шешен ұлтты тумасы Азиз Батукаев 2006 жылы 16,8 жылға сотталған. Оған «Адам өлтіруге қатысты; заңсыз жолмен қару дайындап, сатты; жаппай бассыздықтар ұйымдастырды» деп айып тағылған. Ол 2021 жылы түрмеден шығуы тиіс еді.

Батукаев 2013 жылы Нарындағы түрмеден «денсаулығына байланысты» мерзімінен бұрын босатылған. Дәрігерлердің берген анықтамасында оның «ауыр сырқатқа ұшырағаны» жазылған. Сол кезде ол Бішкектің халықаралық әуежайына жеткізіліп, Грозныйға ұшып кеткен. Кейін Қырғызстанның құзырлы органдары «Батукаев денсаулығына қатысты анықтаманы өтірік жасатып алды, оны босатуға биліктегілер атсалысты» деп мәлімдеген. 2019 жылы Қырғызстан ІІМ Батукаев ісін қайта тергеген.

Атамбаевқа бұдан бөлек Кой-Таштағы оқиғаға қатысты «Адам өлтіру», «Кепілге алу», «Бұзақылық», «Билік өкіліне күш қолдану» сынды баптармен де қылмыстық іс қозғалған.

2019 жылы 7-8 тамызда Шу облысы Аламудун ауданындағы Кой-Таш ауылында «Алмазбек Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп жеткізу» операциясы кезінде күштік құрылымдар мен саясаткер жақтастары арасында қақтығыс орын алған. Ауыр жараланған арнайы жасақ өкілі көз жұмды, бірнеше адам зардап шекті. 200-ден астам адам жараланды. 8 тамызда Алмазбек Атамбаев пен жақтастары билікке өз еркімен берілген. Ол содан бері қамауда отыр.

Таңбалар: Алмазбек Атамбаев

Ұқсас мақалалар

Атамбаев қазақтар үшін Назарбаевпен қалай ұрсысып қалды?
Жаңалықтар

Атамбаев қазақтар үшін Назарбаевпен қалай ұрсысып қалды?

08.02.2022
Атамбаев: көтерілісшілерді емес, соған жеткізгендерді жазалау керек
Жаңалықтар

Атамбаев: көтерілісшілерді емес, соған жеткізгендерді жазалау керек

26.01.2022
Бішкекте Атамбаевтың ұлдары да қамауға алынды (видео)
Жаңалықтар

Бішкекте Атамбаевтың ұлдары да қамауға алынды (видео)

10.10.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist