Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Әзербайжаннан Қазақстанның 25 азаматы елге қайтарылды
БАКУ. 11 маусым. Қазақстанның 25 азаматы Баку портынан елге қайтарылды. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.
Сайт олардың Баку халықаралық теңіз-сауда портында кемеге отырғызып жіберілгенін баяндайды. Олар Маңғыстау облысындағы Құрық портына барып аялдайды.
Аталған тұлғалар коронавирус пандемиясына байланысты Бакуден кете алмай қалған. Жолаушылар елге қайтарылар алдында коронавирусты анықтау мақсатында тест тапсырды. Нәтижесінде олардың барлығы сау болып шықты.
Қазақстан 13 мамырдан бастап карантиндік шектеу кезінде мемлекеттік шекарадан өтудің жаңа тәртібін бекетті. Осыған сәйкес, Құрық порты елге келуге рұқсаттары бар отандастар мен өзге елдердің азаматтарын қабылдауды қайта қалпына келтірді.