Бішкекте митингілер маусымы басталып кетті
БІШКЕК. 1 маусым. Қырғызстанның байтағы – Бішкекте тағы да митингілер мезгілі келіп жетті. Бұл туралы reporter.kg хабарлады.
Ендігі бас көтерулерге бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа қарсылар мен оны жақтайтындар мұрындық болыпты.
«Бүгін, 1 маусымда Бішкектің Бірінші мамыр аудандық сотының алдына бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа қарсылар және оны қолдағандар митингіге шықты», – делінген хабарламада.
Бұрынғы мемлекет басшысына қарсы болып митингіге шыққандар оны «командасымен бірге қамалсын» деген талап қойды. Ал енді Атамбаевты қолдағандар «онымен бірге қамауда отырғандардың кінәлары жоқ» екенін айтып, оларға «бостандық берілсін» деп айқайлады.
«Қазіргі сәтте Бірінші мамыр аудандық соты Қой-Таш оқиғалары бойынша істі қарауды жалғастырып жатыр. Сыртта милиция қызметкерлері тәртіпті сақтау үшін осы жерге келіп тұр», – деп жазады сайт бұдан әрі.
Еске түсіре кетсек, Алмазбек Атамбаев 2019 жылғы 7-8 тамыздағы Қой-Таш оқиғалары кезінде Ішкі істер министрлігінің арнайы операциясымен ұсталып, Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің абақтысына қамалған болатын.
Хабардың қырғыз тіліндегі түпнұсқасы мынадай:
Бишкекте Атамбаевге каршы жана аны колдогондор митингге чыгышты
Бүгүн, 1-июнда Бишкектин Биринчи май райондук сотунун алдында мурдагы президент Алмазбек Атамбаевге каршылар жана аны колдогондор митингге чыгышты. reporter.kg
Атамбаевге каршы чыккандар аны «командасы менен кошо камалсын» деген талаптарын коюшууда. Ал эми Атамбаевди колдогондор «аны менен кошо камакта тургандардын күнөөсү жок» экенин айтышып, аларга «боштондук» деп кыйкырышууда.
Учурда Биринчи май райондук соту Кой-Таш окуялары боюнча ишти кароону улантууда. Сыртта милиция кызматкерлери тартипти сактоо үчүн жерине келишти.
Белгилей кетсек, Алмазбек Атамбаев 2019-жылы 7-8-августтагы Кой-Таш окуяларында Ички иштер министрлигинин атайын операциясы менен кармалып, УКМКнын тергөө абагына киргизилген.