Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Кореяда қазақстандық екі азамат қаза тапты

АСТАНА. 1 мамыр. Кореяның Инчхон қаласында орын алған өртте қазақстандық екі азамат жантәсілім етті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Агенттік Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, өрттің Инчхондағы логистикалық қоймада болғанын баяндайды.

«2020 жылғы 29 сәуірде Кореядағы Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, 38 адам мерт болып, 10-ы жарақат алған. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті билік мәліметінше, қаза тапқандардың 29-ның кім екені анықталды, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы бар», – делінген хабарламады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, қазақстандық дипломаттар Сеулде жергілікті билікпен үнемі байланысып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button