Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Ресейде вепс тілінде де оқулық шығарыла бастады

МӘСКЕУ. 25 сәуір. Ресейде вепс тілінде жаңа оқулықтар шығарылып жатыр. Бұл туралы ИА «Республика» хабарлады.

РФ халықтары туған тілдерін сақтау және зерттеу қоры вепс тілінде шығарған жаңа оқулықтарын Федералды Білім министрлігінің сараптамасына жіберді. Оқулықтар Карелияда дайындалған.

Енді олар Білім министрлігі сарапшылары тарапынан оң баға алған жағдайда оқулықтардың федералды тізіміне еніп, қажетті таралымы түгел бюджеттің есебінен басып шығарылады.

Ресейде «РФ халықтары туған тілдерін сақтау және зерттеу қорының» құрылғанына әлі бір жыл да толған жоқ. Осы кезге дейін ол Ресейдің байырғы халықтары тілдеріндегі сексеннен астам оқулықты дайындауға қолдау көрсетіп үлгерді.

Вепс – фин-угор тілдері тобына жататын өте аз санды халық. Ол шетелдегі фин, эстон және венгер тілдерінен бөлек, Ресейдегі карел, удмурт, коми, мари, мордва (мокша және эрзян), ижора, саам, водь, ханти, манси ұлттарымен және ұлыстарымен бірге бір топқа кіреді.

Вепстер негізінен Карелияда, Вологда және Ленинград облыстарында тұрады. 1926 жылы Олардың Ресей жеріндегі жалпы саны 32 мыңнан асушы еді, қазір небәрі 5900 болады. Бұдан оншақты жыл бұрын ғана бұл ұлыстың қатары 12 мыңға баратын. Демек, жылдан жылға азайып келе жатыр. Бұл процес негізінен ұлыс өкілдерінің ассимиляцияға ұшырауы салдарынан кері бағыт алып келеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button