19 Қараша, 00:11
RAST.kz
USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

28 Қазан 2026 18:14
- Жаңалықтар, Қайнар
Қызылордада құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 қазан. Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегі сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жиынға облыс құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты.

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, талап пен тәртіпке басымдық берудің маңызын атап өтті.

«Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық. Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет», – деді Президент.

Мәжілісте қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау, балалар қауіпсіздігі, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы оқиға болған соң оның салдарымен күреспей, алдын алу тетіктерін күшейтудің маңызын атап өтті.

«Бізге ең бірінші, адам өмірі қымбат, оның ішінде баланың өмірі мың есе бағалы. Ең басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болуы тиіс», – деді Мұрат Ергешбаев.

Соңғы төрт жылда жергілікті бюджеттен полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 65 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл – өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін көрсетіліп отырған қолдау. Жыл басынан бері 1915 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда, 8,8 % төмендеген. Дегенмен статистиканың жақсаруы жұмысты босаңсытпауы тиіс. Әсіресе балалардың, жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғаларға мүлде бейжай қарауға болмайды.Соңғы апталардағы оқиғалар осы бағыттағы жұмысымызды қайта қарауды талап етеді.

«Әрқайсымыз жүктелген міндетімізді толық орындап, жауапты органдар өз құзыреті шегінде әрекет етіп, ортақ мақсатқа жұмылуы тиіс. Ол үшін күнделікті тәртіп, жауапкершілік, өзара үйлесім мен нақты нәтиже керек.

Тұрғындар өзінің қауіпсіздігіне сенімді болып, балаларының амандығына алаңдамауы қажет. Біздің мақсатымыз – есеп үшін жұмыс істеу емес, халықтың тыныштығын қамтамасыз ету. Осы міндетті бәріміз бірдей түсініп, жауапкершілікпен атқаруға тиіспіз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте қаладағы жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық нысандары мен құқық бұзушылық қаупі жоғары аумақтарда профилактикалық жұмыстарды жандандыру, рейдтік іс-шараларды жүйелі жүргізу тапсырылды.

Проблемалық аумақтарда жаяу патрульдеуге және учаскелік инспекторлардың тұрғындармен байланысына қатысты нақты шаралар қабылдау керек.

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін мектептерде және мектептен тыс ортада буллингтің, өзге де құқық бұзушылықтың алдын алуды жандандыру да – жұмыстың маңызды тармағы.

Тәуекел тобындағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмысты күшейтіп, полиция, білім беру ұйымдары, психологтар мен әлеуметтік қызметтердің бірлескен іс-қимылын үйлестіру қажет.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты органдардың жұмысына талдау жүргізіледі.

Жиын қорытындысында қала және аудан әкімдеріне құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық жұмыстарды жандандырып, рейдтік іс-шараларды тұрақты жүргізу міндеттелді.

Полиция департаментінің жауапты тұлғаларына қатысты тиісті шаралар қабылдап, олардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырылды.

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәрбие жұмыстарына қатысты қатаң тапсырмалар берілді.

 

Таңбалар: құқық бұзушылықҚызылордаМұрат Ергешбаевотырыс

Ұқсас мақалалар

Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік
Жаңалықтар

Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

17.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026
Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

    Сыр өңірінде Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған конференция өтті

  • Қазалы ауданының екі іргелі елді мекеніне «көгілдір отын» келді

  • Тоқаев: Жемқорлық – мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 444.16 ₸
EUR EUR 487.29 ₸
RUB RUB 5.4 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist