23 Қараша, 02:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Республика күні қарсаңында 160 отбасы баспанаға қол жеткізді

23 Қазан 2026 18:02
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада Республика күні қарсаңында 160 отбасы баспанаға қол жеткізді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қазан. Қызылордада Ұлттық мереке – Республика күні тойлануға екі күн қалғанда облыс әкімі Мұрат Ергешбаев сол жағалаудағы екі тұрғын үйдің 160 пәтерінің кілтін иелеріне табыс етті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, егемен ел атанған, тарихи шешім қабылданған күннің маңызына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап көрсеткендей, соңғы төрт жылда үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 3 мыңға жуық пәтер беріліп, 10 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған. Бүгін игі бастаманың жалғасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге аумағы 12 мың шаршы метрге жуық 160 пәтердің кілтін табыстап отырмыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада тұрғын үйлерді салған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Нәжмадин Мұсабаев бата берді.

Сол жағалау – қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарының бірі. Бүгінде тұрғындар саны 27 мыңнан асты. Бұл аумақта 145 көп қабатты тұрғын үй бар, 21 әлеуметтік нысан және 14 ірі бизнес нысаны халыққа қызмет етуде. Тағы 50 нысанның құрылысы қарқын алған.

Оның 25-і көп қабатты тұрғын үй, сонымен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар да бар. Заманауи сәулет өнерімен үйлескен зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлердің басым бөлігін Сыр құрылысшылары салып жатыр.

Таңбалар: Қызылордапәтерсол жағалау

Ұқсас мақалалар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты
Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

19.11.2026
Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Жаңалықтар

Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

16.11.2026
Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті
Аймақ

Қызылордада «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» атты акция болып өтті

14.11.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist