17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді

16 Қазан 2026 18:18
- Аймақ, Жаңалықтар
Алматыда демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 16 қазан. Алматыда ертеңгі сенбіде басталатын демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында түрлі жәрмеңке өте бастайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады», – делінген хабарламада.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы мен Алматы облысынан, сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен отандық өндіруші келіп, мегаполис тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады.

Сауда орындарында көкөністер мен жеміс-жидектерден бастап, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал мен нан-тоқаш өнімдеріне дейінгі 1 000-нан астам тауар түрі шығарылады.

«Дала дәмі» акциясы аясында жәрмеңкелер өткізу отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен танытуға, фермерлік шаруашылықтарды қолдауға және тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауда орындары қаланың дизайн-кодына сай заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Атап айтқанда, сауда орындарын безендіру, аумақты көркейту және сауда орындарын ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қолданылады.

Жаңғыртылған алғашқы сауда алаңы Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» шағынауданында ашылды. Аумағы 49 сотық болатын алаңда ашық және жабық павильондарды, сондай-ақ фудкорт аймағын қамтитын 112 сауда орны жабдықталған. Жаңартылған алаң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазір Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб сынды алты ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағын ауданы;
  • Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы – Мендіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
  • Жетісу ауданы – «Құлагер» шағын ауданы;
  • Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшелерінің қиылысы.
Таңбалар: Алматы қаласыДала дәміжәрмеңке

Ұқсас мақалалар

Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді
Әлеумет

Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

19.09.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist