22 Қыркүйек, 15:09
RAST.kz
USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

15 Қыркүйек 2026 21:16
- Жаңалықтар, Қайнар
Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 15 қыркүйек. Соңғы ширек ғасырдың ішінде Ресей Федерациясы елді мекендеріндегі мектептер саны екі есеге жуық қысқарып, көптеген білім мекемелері жойылып кетті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Соңғы екі жарым онжылдық мерзім Ресей үшін мектептерді жоюдың қазіргі заманғы тарихында бұрын-соңды болмаған кезең болды.

Атап айтқанда, 2000 жылдан бастап еліміздегі жұмыс істеп тұрған бастауыш, негізгі және орта жалпы білім беру ұйымдарының саны іс жүзінде 2 есеге (45%-ға) қысқарды, бұл жоғары экономика мектебінің статистикалық зерттеулер және білім экономикасы институты жариялаған статистикадан белгілі болып отыр.

Ресейде ХХІ ғасырға дейін жеткен 68,8 мың мектептің 2025/26 оқу жылында 37,9 мыңы ғана қалды. Оқу орындарын жоюдың алғашқы және ең үлкен толқыны 2000-2010 жылдары орын алды: осы уақыт аралығында олардың саны 18 мыңға немесе 26%-ға азайды. 2010 жылдары тағы 10 мыңға жуық мектеп жабылды (20%), ал 2020 жылдардың басынан бастап қосымша 2,3 мың мектеп жойылды.

Халықтың кетуі мен бала туудың құлдырауын бастан өткерген селолық жерлердегі мемлекеттік мектептер ең үлкен шығынға ұшырады: 25 жыл ішінде олар 55%-ға немесе 25 мыңға азайды. Алайда алыстағы елді мекендерден жұмыс іздеп және болашақ үшін жұрт қаптап келіп жатқан қалаларда да мектептердің саны төрттен бір бөліктей мөлшерге кеміп кетті. Айталық, 2000 жылы олардағы 20,7 мыңды құраған білім ордалары 2025/2026 оқу жылында 16,3 мыңмен шектелді.

Мұның есесіне, жекеменшік мектептер саны бір жарым есеге көбейді: олар 2000 жылғы 635-тен 2025 жылы 982-ге жетті. Бірақ олардың білім беру жүйесіндегі үлес-салмағы түкке тұрғысыз, бар-жоғы 2,5 пайызды ғана құрайды.

Осылармен бірге Ресейдегі мектеп оқушыларының саны да айтарлықтай азайды. Егер 2000 жылы елде 20,5 миллион оқушы болса, 2025 жылы олардың қатары 17,7 миллионға түсті, яғни 14%-ға кеміп кетті. Сонымен қатар, соңғы 15 жылда туу көрсеткішінің тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеуіне қарамастан, Ресейде 2020 жылдардың басына қарай шамамен 12 миллион мигранттардың келуіне байланысты мектеп оқушыларының саны 4 миллионға өскен. Демек, жоғарыдағы мөлшердің 20 пайыздан астамын сол мұғаджырлар балалары құрап отыр.

Мектептердің жабылуы мен жойылуына қарамастан, елдегі қалған оқу орындарының техникалық жағдайы көбінесе базалық стандарттардан төмен күйінде қалып қойып тұр. 2024 жылғы жағдай бойынша Ресейдегі 3,9 мың жалпы білім беру мекемесінде кәріз, 3,4 мыңында су құбыры, 3,5 мыңында орталық жылу болмаған.

Таңбалар: базамектептерРесей

Ұқсас мақалалар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды
Жаңалықтар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды

27.08.2026
Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

  • СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

  • Бір топ қала тұрғындарына «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

  • Сырдария өзенінің Қызылорда тұсындағы арнасына тағы бір көпір салынады

  • ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

  • Ресейде 25 жыл ішінде барлық мектептердің жартысына жуығы жабылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 448.44 ₸
EUR EUR 514.81 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist