23 Қараша, 01:11
RAST.kz
USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

(Жеңгей мен деңгей)

16 Қыркүйек 2026 08:00
- Жаңалықтар, Таным
СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қолыңа қалам алсайшы дейді Тұрсыным…

(Шаһизада Әбдікәрімов)

Сыр бойында қолы берекелі ханымдар көп. Іскерлігі бірінен-бірі өтеді. Соның бірі – «Қоғам ТV» телеарнасының басшысы Тұрсынкүл Желдербаева. Атақты «Ақ боса­ғаның» авторы Сәнімкүл Желдербаевадан кейінгі жігерлі Желдербаева осы кісі. Келісті келіншек. Ардақты ана. Әдемі әже. Тағы бір аса ауыр міндеті бар. Ақынның жары. Жай ақын емес, бір орнында тыпыршып тұрмайтын, анда-санда Ақмешіттен қашқан Алабай секілді шығандап кетіп, шарықтап ұшып, құлдилап қонатын, қонып болған соң да қолы-аяққа тұрмай біраз жүріп алатын арынды ақын. «Қолыңа қалам алсайшы дейді Тұрсыным, Үш балам жетім қалмай ма?», – деп әр өлең жазған сайын бәлсініп-бұлданып, таусылып-тұлданып болатын шатақ шайыр. Сол шақар шайырға Шахановша ширығып жыр арнасақ, былай боп түзілер еді:

Көркем сөз бен көсемсөздің,

баспасөз бен басқа сөздің тарихына енгейсіз,

Тарихқа енбей, жолдағы бар кедергіні жеңбейсіз.

Қанша тілек айтсақ-тағы көз жеткізбей сенбейсіз.

Қайда сапар шексеңіз де жүре алмайсыз жеңгейсіз…

Қайырмасы:

Туған жері – Қармақшы,

Қармақшыға бармақшы.

Берсе егер дауысын,

Жинап-жинап алмақшы…

Бір сағат сөйлесе, бүкіл ауылды көшіріп жіберетін осындай мазасыз ақынның бабын тауып, шуақты шаңырағын бақыттың бақшасына айналдырған Тұрсын жеңешемді осал дей аламыз ба? Әрине, жоқ. Отыз жылдан астам уақыт аралас-құралас болған кезде бұған көзіміз жетті. Ең алғаш рет Шәкеңнің Байқоңырдағы пәтеріне түн ортасына бас сұқтық. Обал-сауапты білмейтін жастау кезіміз. Қасымда біздің «Жас алашқа» қызметке ауысып жатқан, Шәкеңнің бұрынғы жұмыстасы, байырғы журналист Қайрат Иса бар. Менің жеңімнен тартып жетектеп, өзім өмірі кіріп көрмеген үйге баса-көктеп еріксіз ертіп келген де сол. Ақын да, ақынның жары да қыңқ еткен жоқ. Құдды бір күн сайын түн ортасында қонақ күтіп жүргендей, еш қиналыс танытпады. Өздері ұйқылы-ояу екенін қарамастан, үйлеріне Қыдыр келгендей көңілді отыр. Сірә, шақар шайыр таңды таңға ұрып, серуен салып, кез-келген сәтте мезгілсіз мейман шақыра беретін дәстүріне жеңгейді әбден дағдыландырған болса керек. Шәкеңнің өзі аядай екі бөлмелі пәтердің бір бөлмесінде шырт ұйқыда жатқан үш перзентін сол сұлаған күйінде көтеріп, қолайлы жерге көшіріп қойды.

Содан бері іргеміз ажыраған жоқ. Кейінірек біз Қызылордаға қызметке келдік. Шаһиза шайыр Байқоңырдан Ақмешітке ауысты. Қала телеком­паниясының басшылығына бекітілді. Сол басқарғаннан мол басқарды. Бертінде ағамыздың халық қалаулысы болуға көңілі ауған соң, «Қоғам TV» жеңгейдің қолына өтті.

Талай жыл түрік жұртында демалуға бірге бардық. Телегей теңіздің жағасында отырып, сағаттап сыр ақтардық. Арқалы ақынды осы уақытқа дейін от пен суға түсіріп алмай, аман-есен алып келе жатқан жеңгейдің сабыры мен салмақтылығына тәнті болдық. Көз алдындағыны аңғармай, сүрініп-сүрнігіп бітетін Шәкең Анкараның аумағы атшаптырым дүкенінде адасып жүрсе де, естілер-естілер даусымен ауық-ауық «Тұрсы-ы-ы-ын!», – деп қояды. Әйтеуір, біреу болмаса, біреудің құлағына шалынып қалар деген ниет шығар. Шынында да, ниеті оңғарылады. Жеңгей ұзамай жанына келеді. Дәлірек айтсақ, адасып кеткен Шәкеңнің өзін сол маңайдағы қазақтарымыз бар, түріктеріміз бар, бәріміз жабылып жүріп, әзер тауып аламыз.

Аман болыңыз, Тұрсын жеңеше! Мықтысыз, Шәке!

Сізде деңгей бар,

Бізде жеңгей бар!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

2022 жыл

«Шағала» жинағынан

 

Таңбалар: ақынтуған күнШаһизада Әбдікәрімов

Ұқсас мақалалар

Аты аңызға айналған қазақ ақыны Надежда Лушникова қайтыс болды
Жаңалықтар

Аты аңызға айналған қазақ ақыны Надежда Лушникова қайтыс болды

09.11.2026
ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА
Жаңалықтар

ЖЫР ӘЛЕМІНДЕГІ ШАҺЗАДА

16.09.2026
Президент ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
Әлеумет

Президент ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады

25.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

    Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысындағы сайлауға дайындық барысымен танысты

  • Жаңа дәуір жастары: білім, жасампаздық, жауапкершілік

  • Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесі – қоғам назарында

  • Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455 ₸
EUR EUR 498.77 ₸
RUB RUB 5.56 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist