5 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Құмкөл» мұнайының 40 жылдық мерейтойы атап өтілді

4 Қыркүйек 2026 20:49
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада «Құмкөл» мұнайының 40 жылдық мерейтойы атап өтілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 қыркүйек. Қызылордада «Құмкөл» кен орнының өнеркәсіптік игерілуінің 40 жылдығына арналған мерекелік шара болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұнайшылар күні аясында ұйымдастырылған шара «Құмкөл: Қара алтын шежіресі» атты тақырыппен қанат жайды.

Мерекелік жиынға қатысып, сөз сөйлеген Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев мұнай саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтіп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мұнай-газ саласы – экономикамыздың тірегі, еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Мемлекет әрқашан энергетика саласының әлеуетін арттыруға, жаңа кен орындарын игеруге және сала жұмысшыларының мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөледі» деп атап өткен болатын. Бұл сала мемлекеттік бюджеттің басым бөлігін қалыптастырып, ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, онда еңбек ететін мұнайшылардың үлесі зор. Сіздер тек Қызылорданың игілігіне ғана емес, тұтас мемлекеттің көркеюіне, экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына атсалысып келесіздер», – деді Мұрат Ергешбаев.

«Құмкөл» кенішін  игеру туралы шешім осыдан қырық жыл бұрын қабылданып, кен орны өңірдегі өндірістің өзегіне айналды. Облыс мұнайлы аймаққа айналу жолында қалыптасу, даму кезеңдерінен өтті.

Салтанатты шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «CNPC Central Asia» және «CNPC Kazakhstan» компанияларының бас директоры Ян Миньюй, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю құттықтау сөз сөйледі.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сала мамандары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, мұнайшыларға «Құрмет» ордені, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Үздік мұнайшы» төсбелгісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі мен Құрмет грамотасы, «CNPC Kazakhstan» компаниясының Құрмет грамотасы, сондай-ақ «Құмкөл» кен орнының 40 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табыс етілді.

Өңірде мұнай компанияларының қолдауымен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен «Оқушылар сарайы», «Саутс Ойл» компаниясының қолдауымен музыкалық колледж ғимараты жатақханасымен бірге салынды. Ал «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жыл сайын қайырымдылық шараларына 150 млн теңгеден астам қаржы бөліп келеді.

Мұнай компаниялары қоршаған ортаны қорғауды басты назарда ұстап, зиянды қалдықтарды ауаға таратпау, «жасыл» технологияларды өндіріске енгізу бағытында маңызды жобаларды жүзеге асырды. Жаңа кеніштерді анықтау мақсатында шөгінді бассейндерді зерделеу қарастырылған. Арал шөгінді бассейнінде геологиялық зерттеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталып, шамамен 1,1 млрд.тонна көмірсутек қоры анықталды. Ал, Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу жалғасуда. «СаутсОйл» компаниясы тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін дайындық жұмыстарын бастады.

Мерекелік шарада көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен күйден шашу шашылды. Эстрадалық-симфониялық оркестр, «Сыр самалы» вокалдық-аспапты және «Томирис» би ансамбльдері өнер көрсетіп, кеш мазмұнын аша түсті.

Таңбалар: Құмкөлмерейтоймұнай кеніші

Ұқсас мақалалар

ӨГЕМНЕН ҰШҚАН ӨР ҰЛАН
Аймақ

ӨГЕМНЕН ҰШҚАН ӨР ҰЛАН

28.07.2026
Қызылорда жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойын тойлады
Жаңалықтар

Қызылорда жырау Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойын тойлады

10.03.2026
Біз құрмет тұтатын ниеті насат Несібелі
Жаңалықтар

Біз құрмет тұтатын ниеті насат Несібелі

30.12.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist