Арман Шораев Қарағандыда қамауға алынды
ҚАРАҒАНДЫ. 18 сәуір. Қазақстан Журналистері конгресі атқару комитетінің мүшесі, қоғам қайраткері Арман Шораев Қарағандыда қамауға алынып, тергеу оқшаулағышына жатқызылды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Оған Қылмыстық кодекстің 274-бабының 4-бөлігі бойынша жаза көзделетін «Төтенше жағдай кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылатын түрі бар.
«Азамат Шораев А.Т. әлеуметтік желілер арқылы шындыққа жанаспайтын көпе-көрінеу жалған ақпараты бірнеше рет таратқан», делінгені Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің осыған байланысты хабарламасында.
Айтуларынша, Арман Шораев өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзу қауіпін тудырып, төтенше жағдай кезінде заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтірген.