5 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді

1 Қыркүйек 2026 20:01
- Жаңалықтар, Сайыс
«Бернли» журналисі Англияда Сәтбаевтың алғашқы қадамына баға берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРНЛИ. 1 қыркүйек. Ағылшын журналисі Дастан Сәтбаевтың Альбион аралы жеріндегі футболшылық мансабының алғашқы адымы астарында ой тарқатты. Бұл туралы amanvibe.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«Англияның Burnley Express басылымының журналисі Мэтт Скрафтон 18 жасар қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың «Бернли» үшін ойнаған алғашқы матчтарынан алған әсерін ортаға салды, оның Англияға бейімделуі барысына, ойын қасиеттеріне және Қазақстаннан келген жанкүйерлердің үлкен қызығушылығына баға берді», – деп жазады ASnews.

Журналистің айтуынша, Сәтбаев сөрелік құрамдағы алғашқы матчында клуб жанкүйерлеріне өте жақсы әсер қалдырған.

«Дастан Англия лигасы кубогы матчына стартер ретінде шықты және менің ойымша, «Бернли» жанкүйерлерінің көпшілігі оны «қатты таң қалдырды» деп айту әділеттікке жатады. Бұл оны алғашқы минуттардан бастап көрудің алғашқы мүмкіндігі болды. Мен жеке және желіде сөйлескен жанкүйерлердің пікірінше, көпшілік оны команданың сол кездесуде ең үздік ойыншысы деп атайды. Өте үмітті бастама. Ол шабуылға және допты алға жылжытуға бейім футболшы сияқты. Сонымен қатар, Дастан «Бернли» рухына өте сай келеді: керемет еңбекқор, артқа тереңдетіп барып, іріктеу мен жекпе-жекке шығады. Ойынды өз мойнымен өрге сүйреу – біздің клубтың Шон Дайч заманынан бері келе жатқан тарихи негізі», – деп атап өтті Скрафтон.

Журналист сондай-ақ Сәтбаевтың «Бернлиге» ауысып келуіне байланысты жанкүйерлер арасында туындаған бір қауіп бар екенін айтты. Оның ойынша, алайда қазақстандық талантқа оның өзін Чемпионшип лигасында жан-жақты танытуына небәрі 18 жаста болғаны еш кедергі келтіре алмауы тиіс.

«Менің Дастанға берер жалғыз кеңесім – ол бұған дейін кубоктық матчта не істеген болса, соны істеуі керек, яғни қолынан келгенінше ауыр жұмыстарға жегіліп, қарсыластарына прессинг жасауы және олардан допты тартып алуға ұмтылуы қажет. Оның шеберлік деңгейі айтарлықтай жоғары екені айқын – «Челси» құрылымына жоғары шеберліксіз шақырылуы мүмкін емес еді. Мен оған тым жастығы кедергі келтіреді деп ойламаймын. Егер алаңда қара жұмысқа жегілуді жалғастыра берсе, мұны жанкүйерлер бірден жоғары бағалайды, ал өзінің шеберлігі бұған толық мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді журналист.

Скрафтон қазақстандық футболшы келгеннен кейін «Бернлидің» танымалдыдығы күрт арта түскенін жеке атап өтті.

«Мен клубтың ресми ресурстарының статистикасын көрдім: олар Instagram-да 100 мыңға жуық жаңа жазылушылар жинады! Бұл – нағыз естен тандырарлық нәрсе, ол – барынша керемет. Бұған «Челси» есімінің әсер ететіні анық, бірақ ең бастысы – Дастанды қазақстандықтар зор мақтан тұтады және олар өз жерлестерінің әрбір қадамын қадағалап отыруға құштар. Қазақстандық жанкүйерлер біздің матчтарды тамашалауды жалғастырады және Дастан мен «Бернли» үшін қуанады деп үміттенемін». – деді Скрафтон.

Журналист сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, Чемпиондар лигасының матчтарына қатысқан 18 жастағы форвардтың халықаралық тәжірибесін де айта кетті.

«Мен оның профилін және өткен көрсеткіштерін зерттеген кезде, Қазақстан ұлттық құрамасының матчтары мен оның Чемпиондар лигасындағы ойындары санына таң қалдым. Иә, бәрі оның жастығы мен тәжірибесінің жетіспеушілігін алға тартады, бірақ оның мынадай турнирлерге қатысуының өзі ол үшін үлкен плюс. Чемпионат – өте ауыр турнир, мұнда әр аптада үш матчтан ойнап тұруға тура келеді. Ол сөзсіз қалжыратады, бірақ егер Дастан жарақаттан аулақ сақ жүрсе, «Бернли» нәтижелеріне зор әсерін тигізе алар еді», – деп түйіндеді сөзін Скрафтон.

 

 

Таңбалар: БернлиДастан Сәтбаевжурналист

Ұқсас мақалалар

«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды
Жаңалықтар

«Бернлидің» бас бапкері матчтан кейін Дастан жайындағы ойын ортаға салды

03.09.2026
«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті
Жаңалықтар

«Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

29.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist