ЛОНДОН. 15 тамыз. Футболдан Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев Чемпионшип лигасының командасы – «Бернлиге» жалға берілетін болды. Бұл туралы Amanvibe.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Қазақстандық жас футболшының болашағы осылай айқындалды. Мәшһүр футбол инсайдері Фабрицио Романоның ақпарынша, «Челси» форварды өз мансабын жалдық тұрғыда Англияның Бернли қаласынының «Бернли» командасы құрамында жалғастырғалы тұр. Келісім бір маусымға жасалған, яғни ол 2027 жылғы жаздың соңына дейін есептелген.
Бұған дейін Лондон клубының 18 жасар қазақ футболшысын тұрақты ойын практикасын алу үшін уақытша басқа командаға ауыстыра тұру нұсқасын қарастыратыны хабарланған еді. Енді сол ақпар беделді мәнбе арқылы расталып жатыр.
Дастан Сәтбаев «Челсиге» 2026 жылдың шілде айында келіп қосылды. Ол бірінші команда сапында маусым алды дайындық сериясының бірнеше жолдастық кездесуіне қатысып қайтты. Оның ең алғашқы матчының 6-минутында тұңғыш голын да салып үлгерді.
«Бернли» өткен жылы Премьер-лиганың 20 командасы арасында 19-орын алып, төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Оның қатарына қосылу жас футболшыға ойын тәжірибесін алып, бәсекелестік ортада шыңдалып шығуына жол ашып беруге тиіс.
Клубтар тарапында жасалған келісім жайлы ресми хабарландыру таяу күндері беріледі деп күтілуде.
USD




