24 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді

7 Тамыз 2026 22:08
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 тамыз. Қызылорда қаласындағы «Өнер орталығында» Құрылысшылар күніне орай сала ардагерлері мен майталмандарына лайықты құрмет көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

Басқосуда сөз сөйлеген аймақ басшысы құрылысшыларды төл мерекелерімен құттықтап, олардың өңірді дамытудағы еселі еңбектеріне жоғары баға берді.

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Елімізде неғұрлым құрылыс көп болса, Қазақстан да соғұрлым өркендей береді. Ең алдымен, бұл – негізгі инфрақұрылымға қатысты мақсат. Біз темір жолдарды, автожолдарды, әуежайларды, вокзалдарды, сумен қамтамасыз ететін ірі құрылғыларды, өндіріс және өнім кәсіпорындарын, қала ғимараттарын және тағы басқа нысандарды жоғары қарқынмен салуымыз керек» деген нұсқауын еске салып өтті. Бұдан әрі Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінің қарқынды құрылыс алаңына айналып келе жатқанына тоқталды. Облыста 2022 жылдан бері 270-тен астам әлеуметтік нысан салынып, 46 білім беру, 45 денсаулық сақтау, 22 мәдениет, 27 спорт нысаны халық игілігіне берілді. Мемлекет басшысының қолдауымен Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты іске қосылды. «Қазақстан темір жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Президентіміздің тапсырмасымен барлық аудандағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылды.

Биыл 28 жобаның құрылысына бюджеттен 177 млрд теңге бөлінді. Бүгінде сол жағалаудағы 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, Титов шағын ауданында 400 орындық № 5 емхана ғимараты, 200 орындық перинаталдық орталық және «Қызылорда Арена» көп функционалды спорт кешені салынып жатыр.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес облыс орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана мен жаңа драма театрдың құрылысы басталды.

«Осы ретте ел игілігіне адал қызмет етіп жүрген құрыш қолды құрылысшыларға облыс халқының атынан шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Салтанатты шарада құрылыс саласының үздіктері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хатымен, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік іс-шарада эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгерім Қалаубаева және Сыр өнерпаздары әннен шашу шашты.

Аймақта тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар нәтижелі іске асуда.

Соңғы төрт жылда 7600 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам тұрғын баспаналы болды.

2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табыстау, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарланған. Оның 1200 пәтері аудан орталықтарында салынып жатыр.

Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының нақты орындалған көлемін 369 млрд теңгеге жеткізу көзделуде.

Жақында ғана Президенттің қатысуымен стратегиялық инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы ресми түрде бастау алды.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 2,9 млрд теңгеге жуық қаржыға Жаңақорған, Шиелі аудандарында екі спорт кешені, ауылдық клуб пен емхана құрылысы биыл басталады.

Таңбалар: Құрылысшылар күніҚызылордашара

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist