СИДНЕЙ. 29 шілде. Лондонның «Челси» клубының бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо қазақстандық вундеркинд Дастан Сәтбаевқа жоғары баға берді. Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ағылшын командасының жаңа коучы Австралияда Сиднейдің «Вестерн Сидней Уондерерс» жасағымен жолдастық кездесуге қатысып, есеп ашқан 17 жасар қазақ ұланының ойыны жөнінде өз ойын ортаға салды.
Испан маманы Дастанның ойынын қадағалап жүргеніне бір жылдан асып кеткенін, оның Алматының «Қайраты» сапындағы ойындарына да жақсы таныс екенін мойындады.
«Мен Дастанды «Қайраттың» құрамында ойнап жүргенінен бастап, өткен жылдан бері танимын. Оның ерекше ойыншы екенін бірден белгілі», – деді ол.
Бапкер сондай-ақ «көкшілдер» арасында жүрген қазақ футболшысының күшті жақтарына тоқталды.
«Ол ұдайы қарсы қақпаға қауіп төгндіріп жүреді, шептер арасындағы кеңістікте өте жақсы шабуыл жасайды, қапталдардан оңай ауыса отырып, шабуылшымен жақсы түсінісіп ойнайды», – деді ол тағы.
Алонсоның сөзінше, Сәтбаев Қазақстаннан қоныс аударып келгеннен кейін жаңа ортаға жақсы сіңісіп келеді.
Ойыншының ағылшын премьер-лигасында ойнауға дайындығы жайлы сұрағына «Челсидің» бас жаттықтырушысы барынша қанағанаттанарлық баға берді.
«Ол дене күші жағынан өте мығым және өте жылдам. Мен ол жақсы әсер қалдырады деп ойлаймын», – деп мәлімдеді.
Матч 6:4 есебімен «Челсидің» пайдасымен аяқталды. Онда қазақ оғланы 1 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Дастан Сәтбаев Сиднейдегі ойыны үшін 7,6 деген баға алды. Одан жоғары – 9,2 деген балл осы матчта хет-трик жасаған Жоау Педро ғана тиесілі болды.
USD




