КИЕВ. 17 шілде. Украина Қарулы күштері Ресейдің стратегиялық Ту-95 зымыран тасығышы мен «көлеңкелі флоты» 12 кемесінің күлін көкке ұшырды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Осы орайда Украина президенті Володимир Зеленський Ресейге қарсы жаңа «алыстан соққы жасау санкциялары» қолға алынғанын мәлімдеді. Оның мәліметінше, Украина қауіпсіздік қызметі күштері украин территориясына соққы беруге қатысқан Ту-95 әскери ұшағы жойып жіберілген. Шабуылға ұшыраған зымыран тасығыш бұл уақта украин шекарасынан 800 шақырым қашықтықта орналасқан Саратов облысының Энгельс қаласында тұрған еді. Украина Қауіпсіздік қызметіндегілер стратегиялық Ту-95 бомбалаушысының Энгельс әскери аэродромында жасырылып қойылған жерінен тауып алынып, соққы берілгенін баяндады.
Зеленський сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің «Ресей мұнай саласы нысандары мен Украинаның уақытша басып алынған территорияларындағы белгілі бір нысаналарға» соққы бергенін де хабарлады.
Байқап қарағанда, әңгіме 16 шілде күні түнде және таңертең жасалған шабуылдар жайлы болып отырған сияқты. Сол жолы жергілікті тұрғындар Ту-95 сияқты ядролық қару тасығыш Ту-160 бомбалаушы ұшағы тұратын аэродром ауданында өрт басталғаны жайлы айтып жатты.
Өз кезегінде Украина ұшқышсыз ұшақтар жүйесі күштері 17 шілдеге қараған түні Ресейдің Қара теңіз бен Азау теңізі акваториясында жүрген 12 «көлеңкелі» кемесіне сәтті соққылар берілгенін жеткізді.
Украин дрондары бұлардан басқа, тағы 9 жүк тасығыш кемені, 1 мұнай танкерін, сондай-ақ газ тасушы танкер мен буксир катерін күйреткен. Украин ұшақтарының 6-17 шілде аралығындағы 12 тәулік бойы жүргізілген «Молочка» операциясы шеңберінде олардың соққыларына Ресейдің 159 кемесі ұшырады. Олардың 117-сі Азау теңізінде, 42-сі Қара теңізде істен шығарылды.
USD




