ШУША. 17 шілде. Картвель (грузин) профессоры Ходжалы мен черкес геноцидінің түбірі бір, олардың Мәскеу саясатымен байланысты екенін баяндады. Бұл туралы Minval.az ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Тбилиси мемлекеттік университеті Кавказтану институтының төрағасы, профессор Мераб Чухуа Шушада өткен черкес мәселелеріне арналған іс-шараға түсіндірме берді.
Ол 2026 жылдың 4-6 шілдесінде Шушада «Отаршылдықтың қазіргі заманғы түрлері: халықтарға қайғы-қасірет, құлдық пен азап әкелетін әрекеттер» тақырыбында халықаралық конференция өткенін мәлімдеді. Конференция аясында Әзербайжан, АҚШ, Франция, Литва, Польша, Чехия, Германия, Израиль, Түркия және Грузия елдерінің азаматтық қоғам және ұлттық қозғалыстар өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталас ұйымдастырылды.
Чухуаның айтуынша, өзі үшін «Азат Саха» қозғалысының жетекшісі Раиса Зубареваның сөзі үлкен жаңалық болған. Ол Саха республикасының тәуелсіздік қозғалысы туралы баяндама жасап, якут халқының ғасырлар бойы кемсітушік пен езгіге ұшырап келе жатқанын атап өтті.
Зубарева Саха тұрғындарының этникалық белгілері бойынша кемсітушілікке ұшырағанын және якут тілі біртіндеп қоғамдық өмірден ығыстырылып шығарылғанын айтты. Оның сөзінше, республикада мемлекеттік тілдің ресми мәртебесіне қарамастан, саха тілінің екінші қатарға кетіп, орыс тілі білім беруде, мемлекеттік басқаруда және ақпараттық кеңістікте үстемдік етуде.
Конференцияда «Бурятия үкіметі» қозғалысының негізін қалаушы Зуртан Халтаров сөз сөйлеп, бурят ұлттық бірегейлігі туралы сөз қозғады. Ол бурятты Енисейден Амурға дейінгі аумақтарда тұратын Сібірдің ең ірі байырғы халқы деп атады және олардың Ресейдегі негізгі құқықтары мен бостандықтары еленбейтінін мәлімдеді.
Халтаров Әзербайжан тәжірибесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Бакы тарихи жадты сақтаудың, ұлттық бірегейлікті нығайтудың және тиімді мемлекет құрудың өзара байланысты процестер екенін көрсетті.
Конференция қорытындыларына түсіндірме бере отырып, Чухуа соңғы онжылдықтарда черкес ұйымдары диаспораны біріктіріп, черкес геноцидін тануды олардың ұлттық бірегейлігі мен саяси бағдарламасының маңызды бөлігіне айналдыра алғанын атап өтті.
Ол Сакартвело мен Украинаның Ресей империясы жасаған черкес геноцидін ресми түрде мойындағанын еске салды. Оның пікірінше, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үлес қоса алатын келесі мемлекеттер Литва мен Әзербайжан бола алады.
Профессор сондай-ақ Әзербайжанның территориялық тұтастықты қалпына келтіріп, мәдениеті, тілі мен тарихи жады ұлттың стратегиялық ресурстарына айналған тұрақты мемлекет моделін құра алғанын айтты.
Оның пікірінше, Әзербайжан Кавказдың байырғы халықтарының тарихы мен ұлттық жадына арналған халықаралық форумдар өткізетін алаң бола алады. Ол бұған Кавказ халықтары геноцидті тану, өзін-өзі анықтау және бостандық үшін күрес мәселелерінде Бакының қолдауына сүйенеді дегенді қосты.
Чухуа сонымен қатар 1864 жылы шарықтау шегіне жеткен черкес геноциді мен 1992 жылы Ходжалидегі қанды оқиғалар арасындағы ұқсастықтарды келтірді.
«Тарихи дәуірлердегі және геосаяси жағдайлардағы айырмашылықтарға қарамастан, бұл трагедиялар ұлттық есте сақтау әдістерінде, стратегиялық мотивтерінде және салдарында ұқсастықтарға бар», деді ол.
Ол жалпы ұқсастық белгілері арасында жоспарлы түрде этникалық тазарту жүргізу, халықты отырған жерлерінен күштеп қуып шығару және өздерін өздері құтқарып қалғылары келген бейбіт тұрғындарға тұтқиылдан шабуыд жасау әрекететрі бар екенін атап көрсетті.
Чухуа «Черкес геноцидінде патшалық Ресей бұл халықтың көп бөлігін Кавказдан қуып жіберген, ал тірі қалғандары Осман империясы жеріне күштеп көшірілді» деп мәлімдеді.
Профессор Ходжалы туралы айта отырып, қоршауға алынған қаладан кетуге әрекет еткен бейбіт тұрғындарға саналы түрде шабуыл жасалғанына тоқталды. Мұның халықты қырып жіберуге арналғаны қазір еш құпия емес. Ал сол қанды қырғында, әйелдер мен балаларды қосқанда, 613 адамның өмірлері текке қиылған.
Оқымысты қатыгездікті халықты қорқытуға және қарсылықты басуға бағытталған психологиялық қару ретінде қолдануды тағы бір ұқсастық деп атады.
Оның айтуынша, Кавказ соғысы кезінде Ресей әскерлері елді мекендерді ылғи жермен-жексен етіп жіберіп, аяқ астынан аштықты ұйымдастыра салатын. Олар бұлардың соңғысын соғыс құралы ретінде жүзеге асырып, жергілікті жұртты жаппай қырып-жою үшін қолданатын.
Чухуа атап өткендей, Ходжалыда халықаралық бақылаушылар мен журналистер қаза тапқандарға жасалған қатыгездіктің көптеген дәлелдерін тіркеген.
Ол сондай-ақ екі аумақтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Оның бағалауы бойынша, Черкесияның күйреуін Ресей империясы Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауына толық бақылау орнатудың қажетті шарты ретінде қарастырған. Өз кезегінде маңызды географиялық жағдайға ие болған Хожалы Қарабақтың негізгі бағыттарының қиылысында тұрды және оның аймақта жалғыз жұмыс істейтін әуежайы болды.
Соңында Мераб Чухуа бұл қайғылы оқиғалардың біріктіруші факторы ретінде Ресейдің халықтарды жоюға және бағындыруға бағытталған империялық саясатын қарастыратынын мәлімдеді.
Оның пікірінше, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру қазіргі Ресейдің өзінің империялық моделінен түпкілікті бас тартқанынан кейін ғана мүмкін болады.
USD




