КИЕВ. 26 маусым. Бүгін таңертең Қырым түбегінен Керчь көпірі арқылы Ресей жеріне қарай өтіп кеткісі келетіндер көліктерінің саны 2 мыңнан асып жығылды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Соңғы күндері шынында 2014 жылдан кейін келгендер тұтасымен Қырымды тастап шығып жатыр. Олардың тасқыны күн сайын қатты өрлеп, арта бастады.
Бұған ең алдымен украиналық дрондардың тоқтаусыз шабуылдары, электр қуатының жаппай үзілуі, Қырымда жанар-жағар майдың түгесілуі және Ресеймен теміржол қатынасының шектелуі немесе жабылуы себеп болды. Осының салдарынан түбектің Керчь көпіріне кіреберісте 2000-ға жуық автомобильдің кезегі түзілді .
«Крымский мост: оперативная информация» телеграм-арнасының мәліметі бойынша, бүгін, 26 маусым, жұма күні сағат 10:00-ге дейін Қырымнан шығып кететін 1780 көлік тексерілген. Ал олардың әрбірі дерлік соған дейін 4 сағаттан астам уақыт кезек күткен. Бір сағаттан соң олардың саны 1750-ге дейін төмендеген, ді). Кіреберістегі кептелісте мыңға жуық көлік тұрған.
Бұған дейін Украина билігі Қырымның Ресейден «оқшауланып қалғанын», оның енді нағыз «аралға» айналғанын жариялаған болатын. Осы тұста украин әскерлері түбектің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына, сондай-ақ стратегиялық көпірлерге беретін соққылары санын едәуір арттырды.
Бұған қоса, Украина президенті Володимир Зеленський кеше Украинаның қауіпсіздік қызметі жүзеге асыратын Ресейге күйрете соққы берудің 40 күндік операциясы жоспарын бекітіп берді.
USD




