ПАРИЖ. 19 маусым. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина армиясы енді соғыста жеңілмейтінін айтқанын жеткізді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Француз көшбасшысы Ақ үй қожайынының Украинадағы соғыс барысын бағалауға қатысты пікірінің күрт өзгергенін, қазір оның бұл қанды қасапта
Эммануэль Макронның айтуынша, Дональд Трамп қазір украиндар тағдырына қатысты ең нашар болжамдардың жүзеге аспайтынына сенімді.
Франция президенті АҚШ жетекшісі лидері 2025 жылдың басында Ақ үйге оралғаннан кейін Украинаның жақын арада жеңілетініне сенімді екенін білдіргенін ойға алды. «Алайда қазір ол бұл ұстанымын күрт өзгерткен», – деді Макрон 18 маусым, бейсенбі күні Францияның Эвиан-Ле-Бенд деген жеріндегі «Үлкен жетілік» саммитінің қорытындысы бойынша France TV-ге берген сұхбатында.
Франция президентінің айтуынша, Трамп бастапқыда Украинаның жеңілетініне сенімді болған. «Оның президент Зеленськиймен Сопақша кабинеттегі кездесуі өте нашар өтті. Содан кейін, бір жылға жуық уақыт бұрын Аляскадағы Анкориджде Трамп пен Путиннің жоғары деңгейдегі кездесуі болды, онда екеуі Украинаның әлі жаулап алынбаған аумағын Ресейге беру туралы келісім жасасты», – деді Макрон, содан кейін Еуропа елдерінің басшылары Трампты «бұлай айтуға болмайтынына сендіру үшін Уашингтонға шұғыл ұшып келді.
Кейінірек Трамп украиндарлың орыстар шабуылдарына төтеп бергендерін, олардың алдарында мүләйімси қоймағандарын көрді.
Макрон содан бері «орасан зор жолдың» жүріп өтілгенін атап өтті. «Президент Трамп өзіне «олар (украиндар – ред) құлайды, қыстан шыға алмайды» деген адамдардың бәрінің сөздері өтірік болып шыққанын көрді. Сосын өзінің алдында өзі құрмет тұтатын батыл, жаңалыққа құштар, айбатты адамдардың тұрғанын да көрді. Екіншісі: мұндағы бар жауапкершілікті еуропалықтардың өздеріне алып жатқанын көрді», – деп түсіндірді француз лидері.
«Енді үшіншісі: ол (Трамп – ред.) Ресейдің өз міндеттемелерін ұстап тұрмайтынын да, олар (Ресей – ред) үшін бейбітшілік деген тек Украинаның капитуляциясы екенін де көрді. Сонымен, иә, бұл G7-де жұрттың бәрі қолдауға тиісті нағыз бұрылыс жасалды. Бұл – Дональд Трампты әлдеқандай бір мәурітте Владимир Путинге қысым жасауға дейін алып баратын нақты прогресс», – деді соңында Макрон.
Макрон АҚШ-тың Ресейге қысымының күшеюін күтеді. «Мен президент Трамптың осы соғыс жағдайында біздің ұжымды түрде Украинаға Ресейді тоқтатып ұстатып тұру үшін қорғаныста да, өз территориясын қорғауда да жасап жатқан көмегімізге көбірек қосыла бастайтынына сенемін», – деді Макрон France TV телеарнасына берген сұхбатында.
USD




