МӘСКЕУ. 9 маусым. Ресейле қазіргі Қорғаныс министрі Андрей Белоусовтың келесі президент атанатыны жөнінде сөз тарай бастады. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресурстың Кремльдегі мәнбесі алдымен жақын арада Үкімет басшысы ауысып, Михаил Мишустиннің орнын Андрей Белоусов басып қалуы кәдік екенін айтты.
«Экономика барған сайын нашарлап келеді – анда дағдарыс, мында – тапшылық, онда – ақша жетіспеушілігі. Ал Мишустин өзінің кінәсі жоқ екенін, арнайы соғыс операциясын аяқтау қажет екенін, сол кезде бәрі қалпына келетінін айтады. Владимир Владимирович әлі Мишустинге деген белгілі бір сенімін сақтап тұр. Бірақ мұндай жағдайда біреуді құрбандыққа шалу қажет екенін айтып, оны сендіріп те қойды. Бәрінен бұрын, саяси мағынада. Содан кейін Мишустиннің доғарысы жақындай түсті», – деді президент әкімшілігіндегі мәнбе.
Ол үкімет басшысының ауысуы жаздың аяғына дейін жүзеге асып қалатынын айтады, ал ең кешіккенде – қыркүйектегі сайлаудан кейін.
Осы орайда көп адам премьер орынтағына басты үміткер ретінде Андрей Белоусовтың атын атайды.
«Андрей Рамович арнайы соғыс операциясының маңыздылығын түсінеді, біз әлі көп жыл соғыса қалған жағдайда не істеу керектігін біледі. Оның Үкімет басшысы лауазымына кандидат болуы – өте қисынды», – деді Қорғаныс министрлігіндегі жоғары лауызымды тұлға таблоидқа.
Рас, бұл тағайындауға «Белоусов өзін Владимир Путиннің мұрагері ретінде көреді» деген қауесет кедергі келтіруі мүмкін. Премьер-министр бұл лауазымды Ресейді басқаруға алып баратын аралық деп санайды.
«Біз Қорғаныс министрінің осындай амбициялары бары туралы бұрын да жаздық», – деп түйіндейді портал соңында.
USD




