УАШИНГТОН. 26 мамыр. Ресей кеше Киевті көздеп, екі «Орешник» зымыранын жөнелткен, оның бірі әуеде істен шыққан, екіншісі өздері басып алған Донецкінің маңына құлаған. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей әскерилері 24 мамыр күнгі жаппай атқылауы кезінде ең соңғы жаңалығы – «Орешник» баллистикалық зымыранының екеуін Киевке қарай бағыттады. Алайда олардың бірі ұшу сапары барысында қатардан шығып қалса, екіншісі 2014 жылдан бері ресейлік оккупанттардың қол астында тұрған Донецкіге жақын жерге барып құлаған. Мұның жайын АҚШ-тың Соғысты зерттеу институты (ISW) тарқатып жазды. Сөйтіп, Ресейдің мақтаулы ракетасы өзінің алғашқы жорығында тоңқалаң асып, абыройынан айырылды.
Шамасы, «Орешниктің» бұлайша қиғаш кетіп, қиялай ұшуына солтүстіктен соққан жел себеп болған сияқты. Оны Донецкідегі камера да анық көрсеткен.
Мамырдың 24-не қараған түні Киевке соққы беріліп жатқанда, мониторинг арналары түнгі бір шамасында «Орешниктің» алғашқы тобы ұшырылғанын баяндаған. Лекін, соңыра олардың қайда барып түскендері мағлұм етілмей қалған. Барлық болжамдарға сәйкес, ракетаның бірі украин байтағына қарай тартып келе жатқан жолында бұзылып қалса керек. Тағы бір мәнбеге сүйенсек, осыдан кейін ресейлік басқыншылар Киевке қарай «Орешниктің» ядросыз оқтұмсықты екіншісін жөнелткенге ұқсайды, онысы Белая Церковь маңында құлаған. Conflict Intelligence Team компаниясының негізін қалаушы Руслан Левиев пен РФ Әуе-ғарыш күштеріне жақын қатынастағы Fighterbomber арнасының мәліметінше, оның мақсаты авиабазаға соққы беру болған.
Ресей Қорғаныс министрлігі Киевке шабуыл жасалғаннан кейін «Орешниктің» қолданылғаны жөнінде көп айтты, алайда жөнелтілген зымырандардың көздеген жеріне тиген біреуі де болған жоқ.
Ал Z-блогерлер арасында «Орешник» ешқандай таңданыс пен зор мақтаныш сезімін туғыза қоймаған, олардың кейбірі мұны «көзбояушылық» деп те атады. «Рыбарь» арнасы «кинетикалық қалыпты» пайдаланатын соққылардың бәрінен бұрын психологиялық әсер беретінін жазды. «Два майора» оның стратегиялық нысаны жоқ екенін атап
USD




