25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Биыл Қызылорда облысында 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

25 Мамыр 2026 16:05
- Жаңалықтар, Қайнар
Биыл Қызылорда облысында 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 мамыр. Биылғы оқу жылында Қызылорда облысында 10 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев бүгін оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Ол алтын ұядан түлеп ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.

Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды.

«Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет», – деген болатын.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, 45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сыр өңірінде Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі – бүгін өзінің  алғашқы түлектерін шығарып отырған Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жаңа ғимараты. Бұл мектеп ашылған соң, «Арай» шағын ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі толық шешімін тапты.

«Еліміздегі әрбір игілікті іс сіздердің кемел келешектеріңізге арналуда. Сіздер білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен табанды іс-әрекет арқылы елге қызмет ететін азамат болып қалыптасады деп сенемін. Қанаттарыңыз талмасын! Бейбіт еліміздің көгінде самғап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!», – деді Мұрат Ергешбаев.

Аймақ басшысы осы оқу жылында 100-ге жуық сырбойылық оқушы республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып, жүлделі орын иеленгені ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі екенін ерекше атап өтті.

Биылғы оқу жылын өңірдің 320 мектебінде 1-11 сынып оқитын 189 288 оқушы аяқтады, 987 оқушы «Алтын белгіге», 1 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңі 10 мамыр-10 шілде аралығында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында өтеді. Оған 11-сыныпты бітіруші 10 317 түлектің 9 250-і қатысады.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам оқушы жазғы тынығу лагерьлерінде, 150 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Жақында Президент саябағы аумағынан Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығы ашылды.

Салтанатты шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірсе, ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мұхит Төребаев ұстаздарға ризашылығын жеткізді.

Таңбалар: Қызылордамектептүлектер

Ұқсас мақалалар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist