МӘСКЕУ. 22 мамыр. Мәскеу мен Ресейдің бірқатар аймақтарында ханьзу (қытай) тілі таяу жылдарда «ерекше мәртебеге» ие болатындай түрі бар. Бұл туралы «Кремлевская табакерка» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Аталмыш telegram арна өзінің Кремльдегі дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұл мәселенің Владимир Путиннің Жөңге еліне сапары қарсаңында ерекше қарқынмен көтерілгенін баяндады.
«Бір күн бұрын Иркутск облысының тұрғындары біздің досымыз Щи Жиңпиңге хабарласып, оларға мектеп салуды сұрады және қытай тілін үйренуге уәде берді. Бұл тақырып – өзекті және маңызды. Жақын болашақта Ресейдегі қытай тілінің позициясы күшейтілетінін жоққа шығармаймыз. Әрине, біз оны мемлекеттік етпейміз. Бірақ арнайы «ерекше мәртебе» дайындаймыз. Дәл қазір бірқатар өңірлерде, Сібір мен Қиыр Шығыста бұған негіз бар. Сондай-ақ, Мәскеуде де қытай тіліне осындай мәртебе беруге талпыныс жасалып жатыр. Бас қалада жақын серіктесіміздің тілін дамытуға зор мән беріледі», – деді арнаның сұхбатшысы.
Айтылып отырған «ерекше мәртебе» іс жүзінде мектептерде барлық пәндерді ханьзу тілінде оқытатын жеке сыныптар ашуды, жоғары оқу орындарында қытай тілін үйренуге бағыт ұстауды, сондай-ақ шенеуніктердің қытай тілін міндетті түрде үйренуін қадағалауды білдіреді. Айналып келгенде, Ресей аумағында қытай тілін қолданылу аясын кеңейтуге бағыт ұсталады.
USD




