17 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуроодақ елшілері Украинаға 90 миллиард еуроға несие бекітті

22 Сәуір 2026 21:10
- Дәулет, Жаңалықтар
Еуроодақ елшілері Украинаға 90 миллиард еуроға несие бекітті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 22 сәуір. Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері Киевке 90 млрд еуро көлемінде көмек көрсетуге алдын ала келісім берді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Еуропа одағы Украинаға 2026-2027 жылдарға арналған ауқымды несиені бекітудің соңғы процедурасында шешуші әрекетке көшті.

Одақ Украинаның 90 миллиард еуро несиесін түпкілікті бекітуге нақты қадам жасады, бұл мәселе бұған дейін Венгрияның ветосына байланысты бірнеше ай бойы шешілмей келген еді.

Еуроодақ елдерінің тұрақты өкілдері 22 сәуір, сәрсенбі күні ауқымды көмек пакетін ұсынуға алдын ала келісім берді. Мұның жай-жапсарын қазір ЕО-да ротация бойынша төрағалық ететін Кипр Республикасының елшісі жеткізді.

Енді несие беру мәселесі оны Еуроодақ кеңесі түпкілікті мақұлдау үшін жазбаша процедурадан өтеді. Жазбаша рәсім 23 сәуір, бейсенбіде түстен кейін аяқталады деп күтілуде.

DW-ның Брюссельдегі тілшісі атап өткендей, сөз ЕО-ның көп жылдық бюджетіне өзгерістер енгізу турасында болып отыр. Бұл – Киевке қажетті несиені беруді жолға қойып беретін соңғы техникалық элемент. Одақ елдері өкілдерінің шешімі несиені түпкілікті бекітуге жол ашады.

Украина үшін 2026-2027 жылдарға есептелген несиенің көлемі 90 млрд еуроны құрайды. Киев оны қазір бесінші жылға қараған РФ басқыншыларына қарсы соғысқа пайдаланады. Аталмыш кредит жөніндегі келісімге қол қою 2025 жылдың желтоқсанында басталған, бірақ Венгрияның қазір билік басынан кетіп жатқан Виктор Орбан бастаған үкіметі осыған табандатып тұрып қарсы шығып келген еді.

Биылғы сәуір айында өткен парламент сайлауынан кейін елде Петер Мадьяр бастаған «Тиса» партиясы жеңіске жетті. Осыдан кейін үкімет жоғарыдағы шешімді бұғаттауды тоқтатты. Сонымен бірге Будапешт ақша бөлу үдерісіні қатысқан жоқ, яғни өз тарапынан бір тиын да шығармады.

Экономика жөніндегі еурокомиссар Валдис Домбровскис 21 сәуірде Брюссель бірінші траншты мамырдың аяғы мен маусымның басына дейін төлейді деп күтетінін айтты.

Таңбалар: бюджетЕуропа одағынесиеУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist