Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ Венесуэланың жаңа үкіметін ресми түрде мойындады

УАШИНГТОН. 8 наурыз. Құрама Штаттар Венесуэланың жаңадан құрылған билігін ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп президент міндетін атқарушы Делси Родригес басқаратын Венесуэланың жаңа үкіметін ресми түрде мойындағанын және онымен «тарихи» алтын келісімін жасасқанын жариялады.

Трамп бұл туралы 7 наурыз, сенбі күні Флоридада Латын Америкасы көшбасшыларымен өткен саммитте баяндады.

«Осы аптада біз Венесуэла үкіметін ресми түрде мойындағанымызды хабарлауға қуаныштымын. (…) Біз сондай-ақ тарихи алтын келісімін жасадық. (…) Бұл біздің елдерімізге Венесуэла алтыны мен басқа да пайдалы қазбаларды сатуды жеңілдету үшін ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Олардың алтын қоры өте үлкен. Олардың жері жақсы», – деді Ақ үйдің қожайыны.

6 наурызда Уашингтон Венесуэланың алтын өндіру секторына қарсы санкцияларды жеңілдетті. «АҚШ Қаржы министрлігі америкалық компанияларға Венесуэла алтынын импорттауға, оны тазартуға және одан жасалған өнімдерді сатуға рұқсат берді», деп хабарлады dpa.

Биылғы жылдың басында АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізген болатын. Президент Николас Мадуро 3 қаңтарда Каракаста АҚШ арнайы күштерімен тұтқынға алынып, АҚШ-қа жеткізілді. Осыдан кейін бұрынғы вице-президент Делси Родригес мемлекет басшысының міндетін атқарушы рөлін атқаруға кірісті. Уашингтонның қысымымен ол саяси тұтқындарды түрмеден босата бастады. Родригес сонымен қатар минералды құқықтар туралы заңдарға түзетулер енгізіп, Венесуэланың мұнай секторын шетелдік инвестицияларға ашға көшті. 24 ақпанда Трамп АҚШ-тың «жаңа досы және серіктесі» Венесуэладан шамамен 89 миллион баррель мұнай алғанын мәлімдеді.

27 ақпанда Родригес Трампты өз еліне қарсы санкцияларды алып тастауға және Венесуэла мұнайына блокаданы тоқтатуға шақырды. Президент міндетін атқарушы Мадуро биліктен кеткеніне қарамастан, елдерді бір-біріне «дос» деп санайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Каракас үкіметі Уашингтонмен «ынтымақтастықтың жаңа күн тәртібін ашуға» тырысуда.

5 наурызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Венесуэланың уақытша билігімен дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге келгенін мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button