18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшылар елге кіргізілмейді

12 Ақпан 2026 18:10
- Жаңалықтар, Сайыс
Азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшылар елге кіргізілмейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 12 ақпан. Ресей спорт министрлігі азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшылардың елге кірулеріне тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің Спорт министрі және Олимпиада комитетінің президенті Михаил Дегтярев басқа елдердің намысын қорғап жүрген бұрынғы ресейлік спортшыларға қарсы түбегейлі шара қолдану қажеттігін мәлімдеді. VK Video платформасындағы «Орталық арна» бағдарламасында сөйлеген сөзінде шенді шенеунік оларды тек атақтарынан айырып қана қоймай, сонымен қатар Ресейге кіруге тыйым салуды ұсынды.

«Біз бұған қарсы күресіп жатырмыз. <…> Оларды барлық нәрседен айырып, елге кіруге және біздің спорттық нысандарымызды пайдалануға тыйым саламыз. Ал біз соған жетеміз», – деп атап өтті Дегтярев.

Ол мысал ретінде жақында болған бір жағдайды еске түсірді. Спорт министрлігі шахматшы Владимир Федосеевті Словения азаматтығына ауыстырғаннан кейін ресейлік гроссмейстер және спорт шебері атақтарынан айырды. «Мұнда біз оларды асыраймыз, оқытамыз, жаттықтырушылармен және нысандармен қамтамасыз етеміз, ал олар кенет паспортын бізге тастап, кетеді де қалады», – деді министр ашуланып.

Владимир Путин Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін Халықаралық Олимпиада комитеті мен халықаралық спорт федерациялар ресейлік атлеттерді жарыстардан шеттетті, бұл ондаған ресейліктің мансабын жалғастыру үшін азаматтығын өзгертулеріне себеп болды.

РБК есептептеп шыққандай, тек Италиядағы Олимпиялық ойындарда ғана 30-дан астам ресейлік спортшы басқа елдердің туы астында бақ сынайды. Соның ішінде мәнерлеп сырғанаудан 18 спортшы басқа елдің намысын қорғағалы жатыр екен. Өткен жылдары Камилла Рахимова, Мария Тимофеева, Полина Кудерметова (Өзбекстан), Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик (Қазақстан), Анастасия Потапова (Аустрия) және Дарья Касаткина (Аустралия) сияқты онға жуық ресейлік теннисші азаматтығын ауыстырды.

Таңбалар: азаматтықМихаил ДегтяревРесейспортшылар

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist