Шешендер тұтқынға түскен қорқақ орыс офицерлерін әшкереледі

КИЕВ. 6 ақпан. Украина Курск облысында орманға қашып барып, украин жауынгерлеріне берілген офицерлерді паш еткен шешен жігіттерін Ресейге қайтарды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Шешенстан лидері Рамзан Қадыровтың өзі босатылуын қолдаған 16 шешен тұтқыны украиндармен алмасудан кейін Ресейге оралды. Олар тұтқында отырғандарында Курск облысында қорғаныстың өте әлсіз болғаны және офицерлердің қорқақтығы туралы айтып берген еді.
5 ақпанда Украина мен Ресей арасындағы 157-ден 157-ге тұтқын алмасу аясында 16 шешеннің өзге отандастарымен бірге оккупанттар еліне оралғаны хабар етілді. «Қадыровшылар» орыс офицерлерінің соғыс кезіндегі ерекше қорқақтықтары туралы ақпарды таратып жіберді. Олар айтқан ақиқат елдегілер үшін жағымсыз хабар болып шықты. Айталық, «Агентство» басылымының жазуынша, 36 жастағы Заур Чааров 2024 жылдың 5 тамызында екі зымыранның командалық штабты қиратқанын мәлімдеді. «Сол соққыдан жеті-сегіз адам жараланды, ал үш-төртеуі «200-ші» болды», деп еске алды әскери тұтқын Владимир Золкинмен болған сұхбатында.
Ресей армиясындағы шешен сарбазы 6 тамыз күні таңертеңге дейін нұсқау күткен, сол кезде көршілес бекіністен келген сарбаз танкілері бар украин әскерлерінің алға жылжып келе жатқанын жеткізеді. Зауров позицияларда тек бір ғана шешен сарбазы болғанын айтты, қалғандары, кем дегенде 30 адам, «орыстар» екен.
«Осыдан кейін батальон командирі, батальон командирінің орынбасары, штаб бастығының орынбасары, төрт-бес адам бірден орманға қарай тырқырай қашып кетті», деді «қадыровшы» солдат. Тағы бір әскери тұтқын, шешеннің Валерик кентінің бұрынғы басшысы Магомед Зарахматов Курск облысының қорғанысы сәтсіз болғанын растады. Ол үшін «соғыс» 2024 жылдың 14 тамызында Свердликово ауылында тұтқынға алынуымен аяқталған.
«Біз өз еркімізбен берілдік, қарсылық көрсетпедік. Оның не керегі бар?» деді Зарахматов.
Бұл назар аударарлық жайт, себебі 2024 жылы Курск облысын қорғауда сәтсіздікке ұшыраған оның досы, шәкірті және «Ахмат» құрылымының қолбасшысы, генерал Апти Алаудинов Украина Қарулы күштеріне берілген отандастарын «өмір сүруге лайық емес» деп атап, оларға тұтқында өлуге кеңес берген болатын.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 6 тамызда Курск облысындағы шабуыл үшін «Ахмат» арнайы күштерінің командирі кінәлі деп танылды, бірақ Dialog.ua хабарлағандай, Апти Алаудинов Украина Қарулы күштерінің батальондары өз жауынгерлерін айналып өтті деп мәлімдеп, нағыз сандырақ сылтауды алға тартқан еді.
9 тамызда шешен қолбасшысы жаңа өтірік ойлап тауып, кінәні толығымен Ресей Қорғаныс министрлігіне аудара салды және басқа қолбасшылар шекараның негізгі бөліктерінен бөлімшелерін алып кетіп, осы шабуылдың орын алуына жол беріп қойды, деп мәлімдеді.




