BND басшысы РФ-мен қақтығыстың өршуіне дайындалуға шақырды

БЕРЛИН. 13 қазан. Германия Федералдық барлау қызметінің (BND) директоры Мартин Йегер Ресеймен қақтығысқа осы бастан дайындала беру керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Барлау қызметі президентінің пайымынша, Ресеймен аралық 2029 жылы емес, қазіргі күндері-ақ ушыға бастайды. Сондықтан соғысқа бір сәт кідірмей, дайындалуға шақырып отыр.
«Кремль Батыстың шекарасына қол тигізіп көргісі келеді», деп есептейді ол.
«Бізге 2029 жылға дейін Ресейдің ықтимал шабуылы орын алмайды деп босаңсуға болмайды. Бізге бүгін қауіп төніп тұр», – деді ол 13 қазанда Бундестагтың барлау қызметі жөніндегі комитетінде сөйлеген сөзінде.
«Қазір ең мықтағанда, Еуропада сірескен салқын бейбітшілік орнап тұр, бірақ ол кез келген сәтте қызу қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін. Біз одан әрі шиеленіске дайын болуымыз керек», – деп жалғастырған Йегер бейбітшілік пен соғыс арасындағы шектің барған сайын бұлыңғырланып бара жатқанын баса айтты.
Бұған дейін Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус Ресейдің 2029 жылға қарай НАТО территориясына соққы беруі мүмкін екенін ескерткен болатын. Алайда, Мартин Йагердің ойынша, Кремль қазірдің өзінде-ақ Батыстың шекарасына қол тигізіп, бұл жақтағылардың жүйкелеріне сына қағып, сынап көргісіы келіп отыр. Путин НАТО-ға нұқсан келтіріп, Еуропадағы демократияны тұрақсыздандырып, қоғамдарды бөліп-жарып, үрейлендіруге құштар.
«Путиннің пәтуасынша, қорқынышқа көмілген Еуропа салдың қалпын кешіп, еш қыбыр ете алмай қалатындай жағдайға жетуі тиіс. Мәскеудің мақсаты экономикалық жағынан өзінен әлдеқайда жоғары тұрған Еуропаны өзіне тәуелді етіп қойып, соның есебінен күн көру, елін асырау болып тұр. Бұл үшін Кремль бұл жақтардағы сайлаулар мен қоғамдық пікірлерге жүгініп, насихат жүргізу, арандату, жалған ақпар тарату, үркітіп-қорқыту, тыңшылық, лаңкестік, диверсия, тапсырыспен кісі өлтіру және кетіп қалған оппозиционерлердің соңдарына түсу жолымен манипуляция жасауға көшеді» деп есептейді Йегер.






