26 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шораев соғысты қолдаушыларды «Миротворецке» енгіздірмекші

6 Қазан 2025 18:20
- Әлеумет, Жаңалықтар
Шораев соғысты қолдаушыларды «Миротворецке» енгіздірмекші
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 6 қазан. Белгілі журналист Арман Шораев Украинадағы соғысты қолдаушыларды әшкерелейтін «Миротворец» базасына Жанна Кан мен Ситниковті енгізуге шақырды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматыда өткен BeWoman әйелдер форумында ресейлік коуч Алексей Ситников РФ президенті Владимир Путинді ашықтан-ашық мадақтап, қоғамның қатты наразылығын туғызған. Іс-шараны Forbes тізіміне енген қазақстандық миллиардер Сергей Канның әйелі Жанна Кан ұйымдастырған.  Қоғам белсендісі Арман Шораев Facebook парақшасында Жанна Кан мен Алексей Ситниковты «Миротворец» сайтына қосуды Украинадағы достарынан өтінген. Оның айтуынша, екеуі де «Путинді қолдайды әрі соғысты жақтайды».

Осыған байланысты белсенді Канға жөніндегі пікірлерін жеткізді. «(Жанна Кан) Шенген аймағын тек телеарнадан ғана көре беретін болсын» деп жазды ол.

Ашығын айтқанда, BeWoman әйелдер форумы кезінде сөйлеген сөзінде Алексей Ситников алдында Ресей президентін жер-көкке тигізбей қатты мадақтаған. «Путинге қаншама рет шабуыл жасалғанын қараңызшы. Қақтығысқа 55 ел қосылды, бірақ ол бәрібір жеңіп келе жатыр. Трамп оны ұшақтан түскенінде қалай қарсы алғанын көрдіңіздер. Ол дәл бұлайша ешкімді қарсы алмайды…», – деді Ситников.

Ресейлік насихатшы өзін мотивация, келіссөздер мен көшбасшылық салаларында сарапшы етіп көрсетеді. 1990-шы жылдары саяси консалтинг жүйесінде жұмыс істеп, Ресейде де, шетелде де науқандарға қатысқан. Оның Instagram парақшасында шамамен 900 мың оқырманы бар. Алайда жиі «псевдосарапшы» деп аталады.

Кезінде Жанна Канның да нөпір сынның астында қалған сәті болған. Жақында Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіргенде, ол:

«Қазақстандықтар жаңа Қаңтар секілді оқиға болмас үшін көбірек еңбек етіп  әрі салық төлеуі қажет», – деген көрінеді.

Пабликтің пайымынша, Жанна Кан – елдегі ықпалды әйелдердің бірі, кәсіпкер Сергей Канның жұбайы. Сергей Кан ЦАТЭК және ЦАЭК компанияларының иесі. Айта кетейік, өткен айда Павлодардағы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамдығына кіретін ТЭЦ-2 станциясында 33 жастағы дәнекерлеуші қаза тапты. Станция ЦАЭК компаниясына тиесілі, негізгі акционерлері – Александр Клебанов пен Сергей Кан.

Алайда сайттың «Жанна Кан – елдегі ықпалды әйелдердің бірі» деген тұжырымына әлеуметтік желіде келіспеушілер өте көп болды. Оның ықпалды болмақ тұрмақ, кім екенін де білмейтіндер жеткілікті екен.

Таңбалар: Арман ШораевЖанна КанМиротворец

Ұқсас мақалалар

Шораевтың Лукашенкоға жауабы: Қазақстан диктаторлар ұйымынан шығуы керек
Әлеумет

Шораевтың Лукашенкоға жауабы: Қазақстан диктаторлар ұйымынан шығуы керек

16.02.2023
Шораев қазақтарды қорқытқысы келген армянға жауап берді (видео)
Жаңалықтар

Шораев қазақтарды қорқытқысы келген армянға жауап берді (видео)

28.04.2022
Арман Шораев қолхат беріп, абақтыдан шықты
Жаңалықтар

Арман Шораев қолхат беріп, абақтыдан шықты

20.04.2020

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist