17 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

WSJ: АҚШ Ресейге соққы жасауы үшін Киевке барлау мәліметтерін береді

1 Қазан 2025 22:01
- Жаңалықтар, Тіршілік
WSJ: АҚШ Ресейге соққы жасауы үшін Киевке барлау мәліметтерін береді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 1 қазан. АҚШ Украина Қарулы күштеріне Ресейге алыстан соққы беріп тұруы үшін  барлық барлау мәліметтерін жеткізіп тұратын болды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«АҚШ шекарадан алыс орналасқан ресейлік энергетикалық инфрақұрылымға соққы беру үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға мүмкіндік беретін барлау мәліметтерін Киевпен бөлісіп тұруға келісті», деп жазады The Wall Street Journal (WSJ) өз мәнбесіне сілтеме жасап.

Трамп әкімшілігі шекара бойынан қашық орналасқан ресейлік энергетикалық инфрақұрылымға ұзақ қашықтықтағы зымыран соққыларын жасауы үшін Украинаға барлау мәліметтерін беріп тұруға уәде етті.

«Бұл қадам Трамп әкімшілігі Украинаны ұзақ қашықтықтағы қару-жарақпен қамтамасыз етуді қарастырып жатқан кезде жасалды», дейді авторлар.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Уашингтон ұзақ уақыт бойы Киевпен барлау мәліметтерін бөлісіп келеді. Дегенмен, WSJ мақаласында айтылғандай, «бұл жаңа даму Украинаның Кремльді кіріс пен мұнайдан айыру үшін мұнай өңдеу зауыттарын, құбырларды, электр станцияларын және басқа да инфрақұрылымдарды нысанаға алуын жеңілдетеді».

WSJ мәліметінше, АҚШ өзінің НАТО-дағы одақтастарын Украинаға да осындай қолдау көрсетуге үндеген. Дональд Трамп бұған дейін Еуропа елдерін ресейлік мұнайды сатып алуды толығымен тоқтатуға шақырып, мұны оның әкімшілігінің Ресейге қарсы қатаңырақ санкциялар енгізуінің шарты етіп қойған.

WSJ мәнбесінің хабарлауынша, Украинаға қосымша барлау ақпаратын беру туралы шешім Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі аккаунтында «Украина Еуропа одағының қолдауымен соғысуға және бұрынғы шекараларындағы барлық территориясын қайтарып алуға қабілетті» деп сенетінін мәлімдегенге дейін келісілген. 26 қыркүйекте британдық The Telegraph газеті дипломатиялық мәнбелерге сілтеме жасай отырып, Украина президенті Володимир Зеленський Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен жабық кездесуде одан Киевке ұзақ қашықтыққа ұшатын «Томагавк» қанатты зымырандарын беруді сұрағанын хабарлады.

«Бұл зымырандар 2500 км қашықтықтағы нысаналарға соққы бере алады, бұл оларға Украина аумағынан Мәскеуге және Ресейдің Еуропа аумағының басым бөлігіне соққы беруге мүмкіндік береді», деп хабарлайды Reuters.

Таңбалар: АмерикабарлаузымыранУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist