Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Дастан Сәтбаев дубль жасап, «Қайратты» 1-орынға шығарды (видео)

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. Алматының «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев «Жеңіспен» ойында екі гол соғып, ұжымын жеңіске жеткізді. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматының «Қайрат» бүгін өз алаңында Қазақстан премьер-лигасының 8-ші турынан қалып қойған Астананың «Жеңісімен» ойынын өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, ұпай санын 52-ге толтырып, турнир кестесінің бірінші сатысыга қайта оралды. Ол Астананың «Астана» клубынан екі ұпай алға кетті.

Қайраттықтар сапындағы 17 жасар вундеркинд Дастан Сәтбаев матчта дубль жасап, бұл жеңістің іргесін қалап берді. Жасөспірім форвард кездесудің 12-минутында алыстан қақпаны жойқын соққымен дәл көздеп, өз жасағын алға шығарды.

Ал 37-минутта Дастан қапталдан суырылып шығу арқылы қақпашымен бірге-бір жекпе-жек келіп, есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймның бас жағында, 52-минутта қақпа алдындағы қарбалас сәтте допқа бұрын жетіп үлгерген «Жеңіс» командасының капитаны Исламбек Қуат бір доптың қарымтасын қайтара білді – 2:1.

Алайда матчтың соңына қарай алаң иелері тағы да доп айырымын екеуге жеткізіп үлгерді. 80-минутта Рикардиньо әріптесі Александр Мрынский берген допты қарсыластар дарбазасына сүңгітіп, ойынның соңғы нүктесін қойып берді. Осы есеп матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Айтқандай, тағы бір талантты жас ойыншы – 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза бұл жолы да шеңбер шешінде жақсы тұрды, ол бірнеше қауіпті доптың алдына тосқауыл қойды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button