Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған адам қайта жаза алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қыркүйек. Қызылорда облысында бұған дейін жүргізушілік куәлігінен айырылған 45 жастағы азаматтың заңсыз көлік айдап жүргені аян болды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қасақана тәртіп бұзушы «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында қолға түсті. Бұрын куәліктерінен айырылған 45 азамат машина руліне отырып, тағы да жол ережесін бұзды.

Қызылорда қаласы полиция басқармасы қызметкерлерімен қала көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында 17 қыркүйек күні Назарбаев даңғылы бойында жол қозғалысы ережесін бұзған Haval үлгісіндегі автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің 45 жастағы азамат сот шешімімен 2025 жылдың маусым айында мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен автокөлік басқару құқығынан айырылғандығы анықталды. Алайда, ол тағы да заңды бұзып, рөлге отырған.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады) хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button