ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Алматыда «Ленина, 36» дәмханасының атауы өзгеретін болды

АЛМАТЫ. 19 шілде. Алматы қаласында ашыла салысымен атауы қатты сынға ұшыраған «Ленина, 36» дәмханасының егелері бастапқы идеяларынан бас тартты. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Аталмыш кафенің қожайындары сосын Instagram парақшасына жазба қалдырып, тамақтандыру орнының атауын өзгертетіндерін мәлімдеді.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, дәмхананың атын өзгерту жобаны сақтап қалуға себеп болады.

«Жобаның барлық құндылығын сақтап қалу үшін, пікірлеріңізді тыңдай отырып, оның атын өзгерту керек депі шештік. Жақын арада біздің жобаның жаңа атауын жариялаймыз» деп жазылған жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушылары Алматыда жаңадан ашылып жатқан дәмхананың аты «Ленина 36» болуына байланысты өте кқп сын айтылған болатын.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button