Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

БУДАПЕШТ. 13 маусым. Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы olympic.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мажарстан байтағында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан қазақ қызы Әбиба Әбужақынова күміс медальге қол жеткізді. Ол финалда итальян спортшысы Асунта Скуттомен белдесіп, айқас аяқталуға 14 секөнт қалғанда, иппон әрекетімен ұтылып қалды.
Әлем чемпионатының күміс жүлдесі – қазақ қыздарының бірінші жоғары жетістігі. Бұған дейін Әбиба екі рет қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, ол осы чемпионаттың жартылай финалында испан палуаны Лаура Мартинесті тізе бүктірген еді.






