ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

«Челсидің» фанаттары Дастанның ойынына тағы жоғары баға берді

ЛОНДОН. 11 маусым. Британия байтағының «Челси» клубының жанкүйерлері Дастан Сәтбаевтың құрама сапындағы соңғы матчына да сүйсініс білдірді. Бұл туралы Vesti.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Челсидің» жанкүйерлері «Қайраттың» 17 жасар шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Солтүстік Македониямен өткен ойында Қазақстан құрамасының сапында көрсеткен өнерін жоғары бағалады. Олар команданың өз алаңында қарсыласынан 0:1 есебімен ұтылып қалғанына қарамастан, вундеркинд футболшыға тәнті екендерін танытты.

«Көкшілдердің» фанаттары таяу арада ағылшын алаңдарын бағындыруға аттанғалы тұрған жас талантттың әрбір басқан қадамын жіті бақылап отыр. Британия грандының X әлеуметтік желісіндегі ең үлкен фан-аккаунттарының бірінде Сәтбаевтың күшті соққы жасап, допты қақпа бағанына тигізгені түсірілген видео жарияланды.

«Біз қазір ғана кімге қол қойып отырмыз, бауыр? Дастан Сәтбаев деген – нағыз сенсация!». Футбол фанаттарының осындай эмоциялық пікірлері желідегі «Челси» парақшасында соңғы уақыттары жиі көрінетін болып жүр. Жанкүйерлер жас таланттың «Стэмфорд Бридждегі» дебютін асыға күтуде. Олардың күтіп жүрген клуб жанкүйерлерінің пікірталас тақырыбына айналып барады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың ақпан айында «Челси» 17 жастағы «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтбаевпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялаған болатын. Келісім бойынша ол 2026 жылдың жазында 18 жасқа толғанда ағылшын клубына ауысады. Осы уақытқа дейін Сәтбаев шабуылдаушы көшбасшылардың бірі саналатын алматылық клубта өнер көрсетеді.

Солтүстік Македониямен өткен кездесу Қазақстан құрамасының 0:1 есебімен минималды жеңіліспен аяқталғанымен, жас шабуылшының әлеуетінің жоғары екенін тағы бір паш етті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button