ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Бразилияда «Маракана» стадионы госпитальға айналады

БРАЗИЛИА. 28 наурыз. Рио-де-Жанейродағы атақты «Маракана» стадионы уақытша госпитальға айналдырылатын болды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Қазір қалада әйгілі стадион кіретін спорт кешенін осыған лайықтап қайта жабдықтау жұмыстары басталғары жатыр. Уақытша госпиталь коронавируспен ауырған науқастарға ем көрсетуге арналады.

Reuters хабарлағандай, қалалық билік әзірге «Мараканада» нақты қанша аурухана төсегі болатынын шешкен жоқ. Сонымен госпиталь тура футбол алаңына орналаса ма, жоқ әлде кешендегі басқа орындарға қанат жая ма, бұл жағы да белгісіз.

Бразилия денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректеріне қарағанда, елде коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңға жуықтаған, бұлардың арасынан 78 адам көз жұмған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button