Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Зеленський Украинаның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі туралы

КИЕВ. 8 мамыр. Украина президенті Володимир Зеленський украин халқының Екінші жаһандық соғыстағы жеңіске қосқан үлесін саралады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украин лидері Киевтегі Кращетик бойымен видеокамера ұстап жүріп өтіп, бұдан 80 жыл бұрын нацистік Германияны жеңу жолында республика халқы атқарған ерлік істерді саралап айтып шықты. Ол сөзі сұлбасында сол соғыс пен Украинаның тағы бір нацистік басқыншы ел – Ресейге қарсы соғысын салыстырып қарады.

Президент өткен соғыспен параллель сызық бойында жүріп жатқан агрессиялық соғыс арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін баяндады. Міне, Еуропа төртінші жыл шығыстан төнген қатерге барынша мұқият қарап, қадағалап отыр. Украин халқы төртінші жыл күші басым басқыншы жаумен шайқасып жатыр. Ұлы Отан соғысы да төрт жылдан тұрып еді. Сол соғыста да ең көп зардап шеккен Украина республикасы болды.

Крещатик бойымен камера ұстап жүріп өткен Володимир Зеленський соңынан Украина халқына видеоүндеу арнады.

Украин президенті ертең Мәскеуде өтетіні күтіліп отырған Жеңіс парадын тамашалауға қатысушыларды ресейлік басшылар айта беретін «Можем повторить» («Тағы қайталай аламыз») деп аталатын сектаның туы астына жиналғандар» деп атады. «Сіздер қайталадыңыздар. Зұлымдықтың бәрін тағы қайталап шықтыңыздар. Ертең украинның Бучасында бауырластар зираты пайда болуын ұйымдастырғандар беттері шімірікпей нацистердің айуандықтары жайлы айтады, украинның Мариуполына блокада жасағандар Ленинградтың блокадасы туралы тебірене сөз сөйлейді», – деді Зеленський.

Ол өткен соғыста нацизммен күрескен 8 млн украинның қаза тапқанын еске салды. Мұндай құрбандар Украинадағы әрбір үйден дерлік табылды. «Енді Ресей өзгермейтін болса, оның өзін ұлтшылсыздандыру мен қарусыздардыруға тура келеді», – деп мәлімдеді ол Кремль қожайынының «денацификациясы мен демилитаризациясы» еске салып тұрып.

Киев бұған дейін Кеңес Одағының фашистік Германияны жеңісін өзіне егеленіп алғаны үшін Мәскеуді бірнеше рет айыптады. Ресей қазір сол соғыста бір өзі жеңіске жеткендей болып сезініп жүр. «Ол соғыста бізді тыл болған жоқ – біздің жеріміз түгел тұтас майданға, плацдармға, аузы ашық жараға айналып кетті. Біздегі әрбір қала, әрбір үй және әрбір отбасы зардап шекті. Біз сондықтан оны жаңа ресейлік нацизмге беріп қоя салмайтынымыз сияқты өзіміздің бүгінгі күнімізді де бермейміз», – деп жазды Зеленський кейінірек телеграм-арнада.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Жеңіс күні деп жариялады. Оның айтуынша, Америка «Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге әлемдегі кез келген елден артық еңбек сіңірген».

8 мамыр күні таңертең Украина президенті офисінің басшысы Ондрий Эрмак та Еуропаны Адольф Гитлердің диктатурасынан құтқаруда АҚШ-тың рөлі өте жоғары болғанын айтты. «АҚШ болмағанда Мәскеу мүлде ресурссыз қалғалы тұр еді. Украинасыз армиясы да болмайтын еді. Егер Британия болмағанда, Гитлер Батысқа алаңдамас еді. Орыстар мен «КСРО-ның өз бетінше жеңіске жеткені» жайлы аңыз – соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеудің отаршылдық гегемониясын сақтап қалу үшін жасалған саяси конструкция», – деп жазды ол телеграм-арнада.

Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеуді қазақтар мен қырғыздар қорғап қалды, Ленинград блокадасы шебін Орта Азия мен Қазақстан солдаттары бұзып шықты, Сталинградтағы қанды қасапта туралып кеткендердің 80 пайызын Орта Азия мен Қазақстанның жауынгерлері құрады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button