Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бокс: қазақстандық Виктория Графеева күміс медаль иегері атанды (видео)

БЕЛГРАД. 16 наурыз. Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы чемпионатында Виктория Графеева күміс медаль алды. Бұл туралы vesti.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақтың финалдық шайқасында ресейлік Нуне Асатрянға 0:5 есебімен ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай, 50 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова алтын медаль жеңіп алған болатын. Назым үшінші мәрте әлем чемпионы атанып, тарихқа есімін жазды.

Алда бізді енді Аида Әбікеева (63 кг) мен Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпиондық үшін таласатын финалдық жекпе-жек күтіп тұр.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button