26 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лондонда Стармер Зеленськийді зор құрметпен қарсы алды

2 Наурыз 2025 02:01
- Әлеумет, Жаңалықтар
Лондонда Стармер Зеленськийді зор құрметпен қарсы алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛОНДОН. 2 наурыз. Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Лондонға мемлекеттік сапармен келген Украина президенті Володимир Зеленськийге қошемет көрсетті. Бұл туралы UNIAN дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Британия үкіметінің басшысы мәртебелі  мейманын резиденциясының алдына шығып, өзі күтіп алды.

«Адал, оншалықты қатып қалмаған болып көрінгісі келген Стармер бүкіл әлем, әсіресе, Ақ үй көруі үшін қолдарын жайып, Зеленськийді құшақтай алды. Ол жұрттың бәрі көріп тұрған осы құшақтау мезетін, – АҚШ президенті мен вице-президентінің бұл жөніндегі пікірлері қалай болатынын қаперіне де алмай, – айтарлықтай ұзаққа созып, жанжалдан кейін өзінің кімнің жағында екенін айқын танытты», – делінген материалда.

Осыдан кейін премьер камераның алдында тұрып, Зеленськийді бүкіл Ұлыбританияның толық қолдайтынын және елдің Украинаны «қанша керек болса, сонша уақыт» қолдайтынын атап өтті.

Бұдан бұрын НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Зеленськийді Трамппен татуласуға шақырған еді. Ол Трамптың 2017-2020 жылдары Украинаға көмек көрсеткен бірінші президент болғанын айтты. Айтуынша, ол сол жылдары Украинаға танкіге қарсы Javelin кешенін сатуға келісім берген екен, 2022 жылы Киеа оны басқыншы жауға қарсы жақсы қолданыпты.

Германияң сыртқы істер министрі Анналена Бербок өз кезегінде Зеленськиймен әдейі жанжал ұйымдастырған Трамп әкімшілігін қатты сынға алды. Осы елдің қазіргі канцлері де, келесі келетін канцлері де, қорғаныс министрі де АҚШ-тың қандай көзқараста болғанына қарамастан, Украинаға әскери көмек беретіндерін мәлімдеді.

Сол сияқты бүгін Кир Стармердің Украина лидерімен бірге Еуропаның көптеген беделді елдерінің басшыларының басын қосып, қалыптасып отырған жағдайды талқылайтын болыпты. Онда Украинаның РФ-мен соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілі мәселесі қаралады. Бұған тек Балтық бойы елдерінің президенттері ғана шақырылмапты.

Кездесуде сондай-ақ Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон еуропапық одақтастарына АҚШ-қа жақында ғана жасаған сапарлары кезінде Дональд Трамппен болған әңгіменің мазмұнын айтып береді.

Сонымен бірге, Ұлыбританияның Украинаға қорғаныс мұқтаждары үшін 2,26 млрд фунт стерлинг немесе АҚШ-тың 3 млрд доллары көлемінде заем беретіні белгілі болды.

Таңбалар: ЗеленськийКир СтармерҰлыбритания

Ұқсас мақалалар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады
Жаңалықтар

Зеленський АҚШ-тан Украина қыста аман қалу үшін Patriot-тың 5%-ын сатуды сұрады

13.08.2026
Трамп: Мен үшін Зеленськиймен кездесіп, әңгіме-дүкен құру – үлкен құрмет
Жаңалықтар

Трамп: Мен үшін Зеленськиймен кездесіп, әңгіме-дүкен құру – үлкен құрмет

29.07.2026
Зеленський Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін 40 күндік операция өткізбекші
Жаңалықтар

Зеленський Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін 40 күндік операция өткізбекші

26.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist