Макрон Трамппен кездесуден соң ЕО басшыларына брифинг берді

ПАРИЖ. 27 ақпан. Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ президентімен кездескеннен кейін ЕО басшыларымен брифинг өткізді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады.
Франция президенті видеоконференция арқылы Еуроодақ елдерінің лидерлерін АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз нәтижелерінен хабардар етті. Брифинг одақтың төтенше саммитіне дайындық шеңберінде өтті.
Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа одағының басқа елдерінің мемлекет және үкімет басшыларына 24 ақпанда Уашингтонда Ақ үй аппаратының басшысы Дональд Трамппен кездесуінің нәтижелері туралы айтып берді. AFP агенттігі Брюссельдегі мәнбелерге сілтеме жасап хабарлағандай, сессия 30 минутқа созылып, қысқаша сұрақ-жауаппен алмасқан.
Еуропа кеңесінің президенті Антонио Коста X әлеуметтік желісінде брифингтің саяси бағыттарды «еуропаша тығыз үйлестіру» жұмысы аясында өткенін атап өтті. Сессия Брюссельде өтетін Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының төтенше саммитіне дайындық кезінде «өте пайдалы» болды, онда «біз Украинаны қолдау және Еуропаны қорғауды нығайту туралы шешім қабылдаймыз», – деп жазды Коста.
Брюссельден алынған ақпаратқа сәйкес, бейнеконференцияға ЕО-ның барлық 27 елінің өкілдері қатысты. Германияның атынан канцлер міндетін атқарушы Олаф Шольц сөйледі.
Макрон – Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғаннан бері Ақ үйде қабылдаған алғашқы еуропалық мемлекет басшысы.
«Уашингтонның сыртқы саясаты ЕО-да елеулі алаңдаушылық туғызуда», – деп хабарлады dpa ақпараттық агенттігі.
«Еуропа Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруге, оның ішінде елге бітімгершілік күштерін жіберуге дайын», деді Макрон Уашингтонда АҚШ президентімен келіссөздерден кейін. «Сонымен бірге, атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін Уашингтонның қатысуы қажет», деді Макрон.
Трамп алдағы апталарда Украинадағы соғыстың аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. «Менің ойымша, біз мұны бірнеше аптада аяқтай аламыз. Егер біз ақылды болсақ. Егер біз ақылды болмасақ, бұл жалғаса түседі, сосын біз өлмеуі тиіс жас, әдемі адамдарды жоғалтуды жалғастыра береміз. Бірақ біз мұны қаламаймыз», – деді АҚШ президенті.
Еуропа кеңестінің арнайы сессиясы 6 наурызда өтеді. Онда Украинаның ұзақ мерзімді қауіпсіздігі талқыланады.