Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Илья Ильин қазақы дәстүрмен қызының тұсауын кесті

АСТАНА. 21 ақпан. Ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильин бір жасқа толған қызының тұсауын кесті. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Салтанатты шараның видеосын спортшы өзінің Instagram-парақшасына жүктеген.

Қызылорда қаласында туып-өскен Илья бұған дейін де қазақ дәстүрлерді ұстанатынын жиі айтып тұратын. Бірер жыл бұрын ол әйелімен бірге қазақ тілін жетік меңгеру үшін курсқа қатысты. Енді қызының тұсауын белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға кестірді.

«Ақ жол, біздің қызымыз! Бір жыл көзді ашып-жұмғандай болып өтті! Динара ханым, қызымыздың таза, бақытты өміріне берген алғашқы, аса маңызды рухани тәлім мен баталарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!», – жазыпты Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында қазақ тілінде. Содан кейін осыны жалғастырып, орыс тілінде: «Ак жол наша девочка! Год как одно мгновение! Динара, сердечно благодарим за первое , столь важное, духовное наставление и благословение на чистую, счастливую жизнь нашей», – деп үн қатады.

Кішкентай сәби тұсауы кесіліп, алға қарай қадам аттап, межесіне барғаннан кейін Динара Сәтжан оған ақ тілегін жаудырды.

Еске сала кетейік, Илья Ильин – әлемнің төрт дүркін, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Ол 2008 жылғы Бейжің және 2012 жылғы Лондон Олимпиялық ойындарында да чемпион атанған. Алайда арада бірнеше жыл өткеннен кейін көтерілген допинг дауымен оның чемпиондықтары тәрк етіліп, алтын медальдары алынып қойылды.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button