Украина әскерлері Курск түбінде РФ және КХДР офицерлерін жойды

КИЕВ. 2 ақпан. Украина қарулы күштері Курск жерінде командалық пунктке соққы берііп, Ресей мен Солтүстік Кореяның офицерлерін жер жастандырды. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті Володимир Зеленьский Украина армиясының Курск аймағында жауды жою жөніндегі операциясы сәтті аяқталғанын айтты.
«Украина қарулы күштері Курск облысындағы командалық пунктке соққы берді: Ресей және Солтүстік Корея әскерлерінің ондаған негізгі офицерлері жойылды», – делінген хабарламада.
Украина қарулы күштері осы аптада жаудың Курск облысында орналасқан орталық командалық пунктіне зымыранпен күшті зарп жасап, ресейлік және солтүстік кореялық ондаған негізгі офицерлер қаза тапты.
Украина лидері Володимир Зеленьский бұл жайоы AP агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында баяндады.
Мемлекет басшысы бұл әртүрлі қару қолданылған күрделі шабуыл болғанын атап өтті.
«Бұл біздің әскери нысана болды. Әділетті. Біздің жақтан зымыранмен соққы берілді, онда әртүрлі қару түрлері қолданылды, осы арқылы оларға жан-жақты зарп жасалды. Мен ондаған офицер жайлы айтып отырмын деп ойлаймын, офицерлер саны содан аз емес», – деді президент.
«Әңгіме, шамасы, Рыльскідегі командалық пункт жайлы болып отырса керек» деген түсіндірме берді Украина Қарулу күштерінің бас штабы 31 қаңтар күні.
Президент сондай-ақ жаудың Курск түбіндегі ұрыстарда кем дегенде 4 мың КХДР солдатынан айырылғанын сөз етті.
Оның айтуынша, Ресей жағында жалпы саны 20-25 мың Солтүстік Корея жауынгерлері соғысқан. Бірақ соңғы күндері олардың қарасы майдан даласынан көріне қоймайды. Соған қарағанда, Ким Чен Ын өз солдаттарын кері қайтарып алып жатса керек.