Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Такер Карлсон Байден әкімшілігі Путинді өлтірмек болды дейді

УАШИНГТОН. 28 қаңтар. Америкалық журналист Такер Карлсон Байденнің президенттігі кезінде билік Ресей лидері Путинді өлтіруді көздегенін айтты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Америкалық журналист Такер Карлсон журналист және саяси шолушы Мэтт Тайббиге берген сұхбатында президент Джо Байден тұсындағы АҚШ әкімшілігі Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің көзін жойғысы келді деп мәлімдеді.

«Тони Блинкен (АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы) Путинді өлтіріп, мысалы, нағыз соғысқа қол жеткізуге соншалықты құштар болды. Байден әкімшілігі не істеді – Путинді өлтіруге әрекет етті», – деді Карлсон.

Ол сұхбатты өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Журналист мұндай әрекеттерді «ақылсыздық» деп атады, бірақ ешқандай нақты мәліметтер мен айғақты дәлелдер келтіре алмады.

Карлсон Байден әкімшілігіне «қорғаныс қалқаны» ретінде «хаосты» пайдаланбақ болғанын және Байден кезіндегі Уашингтон саясаты осыған негізделгенін атап өтті.

«Бұл – ақылсыздық. Ондай жағдайда Ресей билігін кім қолға алады? Шетелдіктер түсінбейтін күрделі елдегі ядролық қорлардың жайы не болады?», – деді Карлсон.

Ол сондай-ақ «Солтүстік тасқынға» шабуылға Құрама Штаттардың қатысы бар екенін мәлімдеді. «Ресейден Батыс Еуропаға, Германияға баратын газ құбырының жарылуының артында АҚШ тұрды, енді мұны шындық деп айта аламыз», – деп қосты журналист.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button